Жамбыл облысынан 44 кандидат «Nur Otan» партиясы Жуалы аудандық филиалының кадрлық резервіне тіркелді. Олардың 11-і бастауыш партия ұйымдары, қалғандары өз-өзін ұсынғандар. Кандидаттар қатарында белсенді азаматтар, үкіміттік емес ұйым мүшелері, сондай-ақ көп балалы аналар мен жастар да бар. Олар енді ауданға тиесілі елді-мекендерде апта бойы өз бағдарламаларын түсіндіріп, насихат жұмыстарын жүргізбек. Үміткерлерді аудандағы 4 мыңнан аса партия мүшесі сайлайды. Айта кетейік, партия құрамындағы азаматтар өзіне ұнаған 13 кандидатқа дейін дауыс бере алады. Үміткерлерді бұлай резервке тарту партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен әр облыста өтуде. Елбасы ұсынған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам - «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жаңғыртуға бағытталып отыр.
Анар АХМЕТОВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖУАЛЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
44 азаматтың сапалық құрамын айтар болсам, олардың 16-сы әйелдер. Бұл 36 пайызды беріп отыр. 16 әйелдің алтауы көп балалы аналар. Яғни, көп балалы аналарымыз да қоғамда қызмет етуге дайын. Олар партияға өту арқылы еліміздің саяси идеологиясына араласу арқылы болашаққа қызмет етпекші, партияның алдыңғы шебінде жүріп.
Д. Әлімқұл