Русский Сайттың толық нұсқасы

Ел дамуына үлес қосқан этностар туралы кітап жарық көрді

  • AstanaTV
  • 12 қараша 2019
  • 4189

Ел дамуына елеулі үлес қосқан қазақстандық этностар туралы кітап жарыққа шықты. Мәліметтер жинағында дүниеден озған 50 тарихи тұлға қамтылған. Оның тұсаукесері Нұр-Сұлтанда өткен республикалық ғылыми-практикалық конференциясында болды. Кітап орыс және қазақ тілдерінде 100 дана болып жарық көрген. Ел тұрғындары оны онлайн нұсқасында да оқи алады. Бұл бірыңғай жинақ базасын жасау үшін елдің түкпір-түкпірінен тарихшылар мен ғалымдар жұмылдырылған. Олар зерттеу кезінде бұған дейін айтылмаған мәліметтерге де қол жеткізіпті.

Әсем ҚАЙДАРОВА, «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ИНСТИТУТЫ» ТӨРАҒАСЫНЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Базаны таңдап алған кезде өте қызықты мәліметтер тауып алдық. Мысалы, Потанин кезінде Ақмоланы болашақ астанамыз болады деген жобалау жасаған. Янушкеевич, мысалы, Абайды күтіп-баққан. Аурудан жазуына көмектескен. Құнанбаймен дос болған сияқты біз қызықты архивтерден жаңа-жаңа мәліметтер тауып алдық.


А. Мүтәлі