Русский Сайттың толық нұсқасы

Электронды төлемдердің көбейуімен бірге, бюджет кірісі де өсіп отыру керек - Е.Досаев

  • AstanaTV
  • 13 қараша 2019
  • 2388

Электронды төлемдердің көбейуімен бірге, бюджет кірісі де өсіп отыру керек. Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық банк төрағасы Ербол Досаев осылай деді. Сондықтан онлайн ақша аударымдары тексеру мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Өйткені осы арқылы салық төлеуден қашатын саудагерлер мен кәсіпкерлер анықталады. Ал мұны естіген кіші және орта кәсіп иелері қарсылықтарын білдіріп отыр. 

Онлайн ақша аударымдарды тексеру мәселесі өткен сәрсенбіде көтерілген еді. Бүгін де өз жалғасын тапты. Ұлттық банк төрағасы Ербол Досаев қазіргі уақытта бұл проблеманы Ұлттық Банк пен Қаржы министрлігі бірлесе қолға алғанын мәлімдеді. 

Ербол ДОСАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫ: 

«Көлеңкелі» экономиканы азайту бойынша біздің бірлескен жұмысымыз оңтайлы нәтижелермен сүйемелденгенін қалаймыз. Жалпы, бұл тұрғыда Қаржы министрлігі тиісті ұсынысты жасады, сәйкесінше, бұл тақырыпты қазір талқылап жатырмыз. Негізі бұл салықтан жалтарып отырған кәсіпкерлерге арналған, халыққа келетін зиян жоқ. Біз ақшаны «көлеңкеден» шығару үшін жасап отырмыз. 

Төлемді электроны түрде жүргізетін мәжілісмен Азат Перуашев салық жинауды дұрыс емес деп есептейді. Бұл жағдай кәсіпкерлер үшін үлкен кедергі деп отыр. 

Азат ПЕРУАШЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: 

Құрметті салықшылар, төлем карталарын бақылау арқылы табысын жасырған миллионерлерді таппайсыздар. Бұл адамдар үкіметтен еш нәрсе сұрап отырған жоқ, өз нанын өзі тауып жүр. Одан да миллиондап пара бопсалап, миллиардтарын офшорға шығаратындардың ізіне түсіңіздер. Жылына 100 мың доллардан асатын табыс тауып отырған қазақстандықтардың саны тек 0,4% - ы ғана құрайды. Сондықтан өзге 99% азаматты қорқытудың қажеті шамалы. 

Шағын кәсіпкерлікпен айналысатындар да бұған қарсы.

Айдархан БАЙШОЛАЕВ, САТУШЫ: 

Үкіметке былай қарағанда салық төлеп жатырмын да қазір. Бұл қосымша салық болып есептеледі. Қалтамнан тағы шығын шығады да. 

Ал тауарлар мен қызметтерді онлайн алуға дағдылана бастаған халық мұны ыңғайлы деп отыр. 

Айгүл АЛТЫНБЕКОВА, ТҰРҒЫН: 

Студенттеріміз бар, балдарымыз бар. Соларға үйде отырып телефоннан лақытырып отырамыз. Банкке барып әуре болмай. 

Экономист Сапарбай Жобаев бақылауды қолға алу дұрыс екенін, осы арқылы көлеңкелі бизнеспен күресуге болатынын алға тартады. 

Сапарбай ЖОБАЕВ, ЭКОНОМИСТ: 

Кейбір кездері асханаларда байқап тұрмыз. Студенттер де сол онлайн аудармасымен өздерінің тамақтарын, басқа да қызметтерді төлеп жатыр. Бұл нәрсе шындығында айтқанда, заңға қайшы келетін нәрсе. Ол әрбір қызметіне жаңағы чек шығарып соны сауда дүкендері сияқты чекпен жұмыс істеуі керек. Бұл әрине реттеуге жатқызылатын нәрсе.

Әзірге бұл қаржы министрлігінің ұсынысы ғана. Жаңа жүйе қалай жұмыс істейді және қолма-қол ақшасыз аударымдарға қанша салық енгізілетіні әлі белгісіз.

А. Данияр