Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде «Ақжар плюс» ауылы тұрғындағы сегіз жылдан бері жарықсыз,газсыз, ауыз сусыз күн көріп отыр

  • AstanaTV
  • 14 қараша 2019
  • 2657

Ақтөбенің іргесінде жатқан «Ақжар плюс» ауылы жарықсыз, газсыз, ауыз сусыз күн кешіп келеді. Жүз шақты отбасын бір кездері шенділер қаладан осы ауылға көшірген. "Бірақ үй салуға қара жер бергеннен бөтен ешқандай жағдай жасамады" дейді тұрғындар. Сегіз жыл бойы суды тасып ішіп, үйлерін от жағып жылытып отырған ауылға, әріптесім Бақыт Рахметова барып қайтты.     

Көп балалы отбасы Қартбаевтар бұл ауылға жеті жыл бұрын көшіп келген. Сол кезде дүниеге келген қызы, қазір мектепте оқиды. Баспананы өз күштерімен салып алған. Шенділер әу-баста, қаладағы жолды кеңейту үшін үйімізді бұзды. Есесіне осы ауылдан жер беріп, уәдені үйіп-төгіп көшірген еді, содан бері жарықта, суда жоқ дейді отағасы.   

Жомарт ҚАРТБАЕВ, ТҰРҒЫН: 

Мен өкпелейтінім сол кезде сол программа шешім шыққанда расширение дорог деп значит соған қаражат бөлінді. Олар үйімізді бұздырғаннан кейін мында біздің әлеуметтік ақуалды шешу керек еді. Ол біздің су, свет газ еді.Біз басқа ештеңе сұрамаймыз. 2013 сол үйді бұзып осында келдім. Сол кезде туған қызым міне мектепте жүр. Өкініштісі, қара суды ішу бізге проблема.  

Бұл ауылда қазір екі жүзден астам үй бар. Көпшілігін сол қала жолдарын кеңейту мақсатында осы ауылға көшірілген отбасылар. Халық басқа баратын жері болмаған соң қақаған үйлерінің бір бөлмесін паналап қыстап шығуға мәжбүр.  

Болат АЛМАҒАМБЕТОВ, ТҰРҒЫН: 

Содан бері үйде от жағып отырмыз. Үйіміз қара түтін болып, қысымен тонып шығамыз. Расын айтқанда маған үйіме газ керек үйіме частный газ өтіп тұр. Бірақ оны алуға қолымыз жетпей тұр.  

Гүлзипа БЕРДЕНОВА,ТҰРҒЫН:  

Су жоқ, газ жоқ, жарық жоқ, жолымыз мынау көріп тұрсыздар. Неге онда бізді өтірік алдап мына жерге әкелді екен. Не үшін? Орындай алмайтын болса әуелде бізді қозғамау керек еді. Бізге бөлінген қаражат қайда кеткен. Бөлінген жоқ емес бөлінген ғой қаражат. Заңсыз ешкім бұл жерде отырған жоқ.  

Ауылға қоғамдық көлікте жөнді қатынамайды. Қыста жолдарын қар басып қалып, тіпті балалардың мектепке бармай қалатын күндері де болады.   

Айбек МОЛДЫМАНОВ, ТҰРҒЫН:  

Машина жүре алмайды. Машина түгіл адам жүре алмайды. Қысты күні қар борап тастайды. Шетте ғой. Графикте жоқпыз. Звондасақ келмейді. Бітті. Жедел жәрдем таба алмайды. 

Әкімдіктегілер жағдайға қанық. Билік ауысқан сайын, мәселе кейінге шегеріліп келгенін мойындайды. Дегенмен ауылға инфрақұрылым тартуды биыл ға қолға алдық деп ақталды.  

Жандос ӨТЕУЛИН, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Біздің бөлім тек 2019 жылдан бастап жобалық сметалық және құрылыс жұмыстарымен айналысып жатыр биылдан бастап. Тек "Ақжар плюс" емес тағы да бірнеше елдімекен бар. Жер беріліп инфраструктура ешқандай әзірленбеген. Біздің бөлім бұл бағытта жұмысты қазір бастады. 

Десе де шенеуніктер ауылға инфрақұрылым тарту жұмыстарын келер жылдың мамыр айына дейін аяқтаймыз деп отыр. Ауыл тұрғындары болса мұнымен тоқтайтын емес. Олар халықты көшіруге жұмсалған қаражатты іздеп Президент әкімшілігіне, Бас прокуратураға дейін шағымданған.  

  Б. Рахметова