Русский Сайттың толық нұсқасы

Мұғалімдерді қолдау үшін 5 триллион тенгеден астам қаржы бөлінеді

  • AstanaTV
  • 14 қараша 2019
  • 2555

Бүгінде әзірленіп жатқан «Педагог мәтебесі» заң жобасына сәйкес, мектептердегі тексеріс жұмыстары азаюы мүмкін. Бұл мұғалімдердің жұмысын едәуір жеңілдетеді. Бұл туралы педагог мәртебесін заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелері талқыланған «Nur Otan» партиясының Құқықтық кеңесінде айтылды. Жиында бұдан бөлек, ұстаздарды қолдау үшін 5 триллион тенгеден артық қаржы бөлінетіні мәлім болды.  

Биылдың өзінде ел мектептерінде 9 мыңнан астам тексеріс жүргізілген. Бұл ұстаздардың жұмысына кедергі. «Nur Otan» партиясының құқықтық кеңесінде Бауыржан Байбек білім ордаларында тексерістер өтікзуді тоқтату жөніндегі мұғалімдер ұсынысын қолдады.  

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

«Nur Otan» партиясы заң жобасының әзірлену барысын ерекше бақылауда ұстап отыр. Педагог құқығын кеңейту және оның әлеуметтік мәртебесін жақсарту мәселесі бар. Бәрінен бұрын, мұғалімдерді материалдық тұрғыдан және басқа да ынталандыру жағдайларын туғызу, қажетсіз тексерулерден арылтып, шығармашыл және нәтижелі жұмыс істеуге жағдай жасау қажет.

«Педагог мәтребесі» заң жобасына сәйкес, алдағы 5 жылда жалақыны өсіру, сынып жетекшілігі үшін үстемақы қосу, еңбек демалысы мен басқа да ынталандыруларға 5,2 триллион теңге бөлінеді деп жоспарлануда.  

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ: 

Педагогикалық оқу орындарын аяқтаған студенттердің 50% ғана мектепке сабақ беруге барады. Осы себепті, биыл ел бойынша 5267 мұғалімнің жетіспеушілігі болды. Оларды ынталаундыру үшін жалақысын көтеру көздеп отыр.

Кеңесте жер телімдерін бөлу және «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» дәрежесіне ие болғандарға бір жолғы 2000 АЕК көлеміндегі төлем төлеу және Президенттік олимпиадалар, республикалық және халықаралық жарыстардың жүлдегерлерін дайындағандары үшін 3 айлық жалақы беру жайлы ұсыныс айтылды.  

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Ауылды жерлерде немесе жағдайы төмен аудандардан осындай жеңімпаз балалар аз емес. Бұл ұстаздардың зор еңбегі. Бұдан өзге мектеп директорлары мұғалімдермен жүйелі жұмыс жасауы керек. Әріптестерімен жұмыс істей білген, оқытушыларын қорғаған, көмектескен басшылардың қызметі де табысты болмақ.

Жиында оқу жүктемесін 16 сағатқа төмендету мәселесі де қаралды. Ұстаздарды қоғамдық жұмыстардан босату - әзірленіп жатқан заң жобасының басым бағыттарының бірі болмақ. 

Ә. Асқарұлы