Русский Сайттың толық нұсқасы

Рудныйдағы атышулы аттракционның ақшасын талан-таражға салды деген күдікпен ресей азаматы қамауға алынды

  • AstanaTV
  • 14 қараша 2019
  • 4167

Рудныйдағы атышулы аттракционның ақшасын талан-таражға салды деген күдікпен ресей азаматы қамауға алынды. Ол шолу дөңгелегін орнатқан мердігер ұйымның заңгері болып шықты. Серіктестік заңгері Александр Гаврильчик аттракцион ісіне қатысты алғаш қамауға алынған күдікті. Өйткені мердігер компанияның құрылтайшысы Хамит Дихаев мамыр айынан бері іздеуде жүр. Ал директор куәгер ретінде жауап беріп жатқан көрінеді. Қарашаның жетісі күні қамауға алынған Александр Гаврильчик қылмыстық кодекстің 189 бабы,4 бөлімі бойынша айыпталып отыр. Бүгін облыстық сот күдіктінің бұлтартпау шарасына қатысты шағымын өзгеріссіз қалдырды.  

Құралай ЕКІШЕВА,ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ: 

7 қараша күні тергеу соты шығарған қаулысы өзгерісіс қалдыруға жатқызылады.Ал күдікті Гаврильичк пен оның қорғаушыларының шағымы қанағаттандырылмайды.

Еске салайық жарты жыл бұрын Рудный тұрғыны шолу дөңгелегінің дұрыс айналмай тұрғанын айтып, әлеуметтік желілерге бейнежазба таратқан еді. Кейін азаматтық іс қозғалып, аттракцион жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім шықты. Мердігер «АлатауГорСтрой» мекемесі пайдалануға берілгенде ақаусыз жұмыс істегенін алға тартты. Аттракцион орнатуға жергілікті қазынадан 334 миллион теңге бөлінген. Бүгінгі сотта белгілі болғандай қомақты сомманың басым бөлігі талан-таражға түскен көрінеді.  

Азамат АЙСЕНОВ, ҚОРҒАУШЫ: 

Ол тергеу органдарынан қашқан жоқ.Туыстары пәтерін кепілге қойып,бостандыққа шығаруын сұрады. Алайда сот қарастырмады. Сот оның ресей азаматы болғандығын негізге алып отыр.

З. Санай