Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы парламенттаралық ынтымақтастық нығая түспек

  • AstanaTV
  • 15 қараша 2019
  • 2061

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы парламенттаралық ынтымақтастық нығая түспек. Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Вьетнамға барған арнайы сапарында бірқатар келіссөздер жүргізді. Кездесуде Еуразиялық Экономикалық Одақ пен Вьетнам арасында еркін сауда қатынасы туралы келісімге қол қойылды. Айта кетейін, тараптар арасындағы сауда айналымы өткен жылы миллиард долларды құраған. Сонымен қатар, қос ел азаматтары үшін визасыз режимді енгізу, тікелей әуе қатынасын жасау мәселелері де көтерілді.  

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:  

Осы Вьетнам жерінде өткен кездесулер біздің екі елдің даму жолында ортақ мақсаттар, бірлескен жобалар көп екенін көрсетті. Олардың барлығын заң жағынан қолдау үшін, сонымен бірге парламентаралық достықты нығайту үшін, ары қарай нығайту үшін біз бірқатар келісімдерге қол жеткіздік.

А. Мүтәлі