Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда Бибігүл Төлегенованың 90 жылдық мерейтой концерті өтті

  • AstanaTV
  • 15 қараша 2019
  • 4247

Алматыда қазақтың бұлбұл әншісі Бибігүл Төлегенованың 90 жылдық мерейтойы өтті. Дүбірлі кешті Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнімен өзі ашып берді.  

Концертте күміс көмей Бибігүл Ахметқызының шәкірттері де өнер көрсетті. Салтанатты шара Құрманғазы атындағы консерваторияда өтті. Мұндағы көрермен қарасы қалың. Олардың ыстық ықыласы да ерекше. Бірегей дауыс иесі, отандық түрлі фильмдерге түскен. КСРО әртісінің репертуарында қазақтың халық әндерінен бөлек шетел классиктерінің туындылары бар.  

Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА, КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ ЖӘНЕ ҚР ХАЛЫҚ ӘРТІСІ: 

Құдайға шүкір биыл жан-жақтан мені сол тойлаймыз деп жатыр ғой. Астанада шақырып жатыр. Консерватория, телеведения бәрі жиналып жатыр. Маған бұл жаңалық емес ал бірақ мына консерваторяға келгенім маған жаңалық. Консерваторияда мен 25 жылдай жұмыс істедім. Мен өте қуаныштымын .

Ә. Лесбек