Русский Сайттың толық нұсқасы

Жанармай тапшылығана қатысты сенатор үкіметке сауал жолдады

  • AstanaTV
  • 12 қазан 2017
  • 2723

Жанармай дағдарысына қатысты сенаторлар да Үкімет басшысына сауал жолдады. Күні кеше төменгі палата көтерген мәселені бүгін жоғарғы палатадағылар қостай жөнелді. Жанармай тапшылығы тауар мен қызметтердің қымбаттауына, жалпы экономикалық жоспарды уақытында орындауға кедергі, дейді олар.

Сәрсенбай Еңсегенов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Жанармай тапшылығын жоюға байланысты мемлекеттік деңгейде жүйелі  шешімдер неге қарастырылмайды? Елбасының жаңа мұнай өңдеу зауытын салу бойынша тапсырмасын осы уақытқа дейін орындамау себебі неде? Ел тұрғындарын жанармаймен толық қамту үшін, үкімет қолға алатын шаралар мен алдағы жоспарлар туралы ақпарат берсеңіз.