Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысында жол салып жатқан жұмысшылар жарты жылдық жалақысына қол жеткізе алмай келеді

  • AstanaTV
  • 18 қараша 2019
  • 2938

Қарағанды облысында жол салып жатқан жұмысшылар былтырдан бері айлық ала алмай жүр. «№25- інші көпір құрылысы отряды» серіктестігінің 60-қа жуық жұмысшысы арнамызға 5 айлық еңбек ақыларын даулап жүргендерін айтып хабарласты. Бұл жұмысшалырдың мәселесін біздің арна шілде айында көтерген болатын. Артынша іле-шала жалақыларын жартылай алған еді. Бірақ мәселе түбегейлі шешілмепті. Арнамызға хабарласқан жұмысшы "жұмыссыз қалудан қорқып", атын жариялаудан бас тартты.

ЖҰМЫСШЫ:

Мынау Теміртау қаласында қазіргі таңда М-25 дейтін компания бар. "Мост отряд -25" деген Қапшағайдікі. 2018 жылдан ноябрьдің айлығы, 19-дың январь, февраль, марттың айлығы кейбір жігіттерге май айы, апрель айының айлықтары. Енді кешегі таңда, сентябрь айы, октябрь айының айлығын әлі алмадық.

Дәл осы мәселеге жауап іздеп Рязанов атындағы №25 көпір құрылысы отряды ЖШС директоры Тимур Накусовке хабарласқан едік. Ол телефон арқылы "бұл шындыққа жанаспайтын ақпарат" деді. Айлық уақытылы беріліп отырғанын жеткізді. Бірақ бізбен сұқбаттасуға келісімін бермеді. Мәселеге Еңбек инспекциясы мамандарын тарттық. Қазір біз Алматы облысының Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Керімбек Жаншабаймен байланысып көрейік. Қайырлы кеш, Керімбек Жаншабайұлы. Сіз Астана телеарнасының тікелей эфиріндесіз. Жалақының кешігіп жатқанынан хабараңыз бар ма? Неге кешеуілдеп жатыр?

Керімбек ЖАНШАБАЙ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Кеш жарық! Алматы облысының Еңбек инспекциясы бойынша басқармасы Резенов атындағы №25 көпір құрылысы отряды ЖШС-не 2019 жылғы 12 қыркүйектен - 4 қараша аралығында Алматы облысының прокуратурасының бастамасы бойынша тексеріс жүргізілген болатын. Тексеріс барысында, 2018 жылы қарашадан 2019 жылдың сәуір айы аралығында серіктестік 407 қызметшінің алдында, 142 145 694 теңге ақы берешегі бар екені анықталды. Мекеме басшысының түсініктемесінде, қызметкерлер алдында еңбек ақысының берешегі төленбеу себебін атқарылған жұмыстардың төлем ақысын уақтылы төлемеуіне байланысты  екенін көрсетті.


Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Жұмысшалырдың айтуынша, бұл проблема былтырғы жылдан бері бар, бірақ әлі күнге дейін шешімін таппаған. Оған қандай да бір шара қолданылмай ма?


Керімбек ЖАНШАБАЙ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:


Тексеру қорытындысы бойынша, акт жасалынып анықталған заң бұзушылық  бойынша фактілер толтырылып, құжаттар әкімшілік сотқа берілді. Бүгінгі күнгі ІІД тарапынан қылмыстық іс қозғалды. Аудиторлар жұмыс жасап жатыр. Біздің облыстық еңбек инспекциясының  тарапынан 2019 жылы  1 қарашадан, мемлекеттік инспекторының басқармасымен бірігіп, орындатушының экономикалық мамандырылған аудан аралық сотына жіберілді. 19 қараша күні яғни ертең алғашқы сот отырысы болады. Сол шешімге байланысты болатын шығар деп ойлаймыз.Соны мәжбүрлеп орындату керек болып жатыр.


Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Сауалдарымызға жауап бергеніңіз үшін рақмет! Студиямен байланыста болған Алматы облыстық Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Керімбек Жаншабай. Көрерменіміз өзінің мәселесіне қатысты қандай да бір ақпарат алды деп ойлаймыз. Егер сізді де алаңдатқан мәселе болса, хабарласыңыз! Біз сізбен бірге жауабын іздейміз. Сондай-ақ, репортер болу мүмкіндігін ұсынамыз. Егер заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болсаңыз, экранда көрсетілген нөмір арқылы хабарласып, видео немесе аудио жолдасаңыз болғаны.


А. Данияр