Русский Сайттың толық нұсқасы

Орал іргесіндегі ауылда жаңа балабақша қаңырап бос тұр

  • AstanaTV
  • 19 қараша 2019
  • 2679

Орал қаласының іргесіндегі Круглоозерное кентінде 200 бөбек балабақша кезегінде тұр. Бірақ осы ауылдағы жүз орындық су жаңа балабақша қаңырап бос тұр. Былтыр жеке кәсіпкер салған бұл ғимаратты ашуға әкімдік әлі рұқсат бермеген. Ал тұрғындар баласын балабақшаға беретін күнді асыға күтіп жүр. Өйткені елді мекенде басқа балабақша жоқ.  Ауыл мектебіндегі 75 орындық шағын орталық барлық бүлдіршінді қамти алмайды.  

Аманжан БИСЕМБАЕВ, КРУГЛООЗЕРНОЕ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Халық бәріміз жиналып, осы садикті күтіп отырмыз. Қашан ашылары, қашан ашылмайтыны да белгісіз. Күнде келеміз. У-шу. Біреу былай айтады, біреу былай айтады. Айтқандарының бәрі өтірік.

Дина БАЙТЕМІРОВА, КРУГЛООЗЕРНОЕ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:  

Осы Круглоозерный балаларының жартысы садикке ілінбей тұр. Осы новый садик ашылғанын бәріміз күтіп отырмыз. Жұмысқа да шығуымыз керек. Мемлекеттік жұмыстамыз бәріміз. Бірақ шыға алмай отырмыз. Осы садиктің ашылуын сұраймыз. Енді бәрі әзір тұр, ішін-бәрін көзімізбен көріп жатырмыз ғой.

Бұл іске 170 миллион теңгесін жұмсаған жеке кәсіпкерге Орал қаласының білім бөлімі бірге жұмыс істеуді ұсынған. Яғни ата-аналар есебінен жеке балабақшаға айналдыруды немесе сенімгерлік басқару тәсілін ұсынған. Тіпті балабақшаны жалға беруге де рұқсат еткен. Бірақ екі жақ келісімге келе алмаған. Егер бұл нысан жеке балабақшаға айналса, әр балаға 50 мың теңге төлеуге тұрғындардың шамасы жетпейді.  

Батиқа ПАЙДИНА, ОРАЛ қ. БІЛІМ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Осы үш-төрт жолды кәсіпкерге ұсынып отырмыз. Ол кісі қазір бізбен келіспей отыр. Бірде бір әдіске. Ол кісінің енді өзінің ойы, басқа бір мақсаты болар. Бірақ қазіргі таңда жергілікті халықтың сұранысына балабақшаны ашпай отыр.

Е. Карин