Русский Сайттың толық нұсқасы

Бас прокуратура Б. Мәнізоровтың ісіне қатысты шағымды кері қайтарған

  • AstanaTV
  • 20 қараша 2019
  • 2556

Бас прокуратура Бағдат Мәнізоровтың ісіне қатысты Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің шағымын кері қайтарды. Мәжіліс қабырғасында сұхбат берген Бас прокурордың орынбасары іске қатысты келтірілген деректер қылмыстық жолмен алынған деп отыр. Бұған дейін бақылау орган Алматы облысы әкімінің орынбасарына қатысты істі жауып тастады. Бірақ Жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдері мұнымен келіспей, қайта шағым жолдаған еді.  

Марат АХМЕТЖАНОВ, ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Біреудің ұстанымы ештеңені өзгертпейді. Заң бар. Құрамында қылмыстық оқиға болмаса, онда іске нүкте қойылады. Бағдат Мәнізоровқа қатысты жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің келтірген деректер негізсіз, заңсыз жолмен алынған ақпараттар. Сондықтан, Бас прокуратура шағымды қарамайды.

Еске сала кетейік, қазан айында Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров «Алаяқтық» бабы бойынша күдікке ілінген болатын. Аталған іс бойыша, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп,оған тағылған айып дәлелденбеді. Қазір ол қызметіне қайта оралды.  

Ғ. Өтемісов