Русский Сайттың толық нұсқасы

Таразда кафедегілерді пышақпен қорқытқан күдікті ұсталды

  • AstanaTV
  • 20 қараша 2019
  • 3092

Тараз полицейлері тағы да табанынан тік тұрды. Бұл жолы сақшылар суық қарумен қорқытқан қаскөйді құрықтаймыз деп әбден әлек болды. Мына кадрларда тіпті мұздай қаруланған арнайы жасақтың да келгені көрінеді. Қала дәмханаларының біріне пышақ ұстап кіріп барған белгісіз азамат қожайынымен кездесуді талап етіп, қоқан-лоққы көрсеткен. Бұл жайында кафеге келушінің бірі полицияға хабар берген. Алайда полиция департаменті оқиға желісі жайында жақ ашпады. Тек күдіктінің ұсталып, қамауға алынғаны жайлы ақпар таратты. Оның не мақсатта кафе қожайынмен кездескісі келгені әрі нені бөлісе алмағаны жұмбақ. Күдіктінің жас шамасы да айтылмады.