Русский Сайттың толық нұсқасы

Солтүстік Қазақстанда элеватордан 170 миллион теңге ұрлағандар іздестіріліп жатыр

  • AstanaTV
  • 20 қараша 2019
  • 2322

Қызылжар өңіріндегі қарақшылық шабуыл. Бір топ адам элеватордан 170 миллион теңге ұрлаған. Оқиға Ақжар ауданының орталығы Талшық ауданында болды. Қылмыскерлер аудандағы ең ірі элеваторды көздепті. Шолақ мылтықпен қаруланған 4 ұры кешқұрым баса көктеп кіріп, бірден басшылығына бет алады. Артынша қарақшылар кәсіпорын жетекшісіне қоқан-лоқы көрсетіп, кеңседе жатқан 170 миллион теңге мен екі ұялы телефонды жымқырған. Дереу ізін суытқан қылмыстық топты анықтау үшін полицейлер қазір бар күшін жұмылдырып отыр. Бейресми ақпаратқа сенсек, бұзақылар «Лексус» маркалы көлікпен жүр. Олардың астық қоймасында сақтаулы жатқан қомақты қаражат жайлы ақпаратты қайдан алғаны әзірге белгісіз. Элеватор басшылығы тілшілерге сұхбат беруден бас тартты. 

Сән ЖҰМАҒАЗИНА, СҚО ПД БАС МАМАНЫ: 

Аталған факті ҚР қылмыстық кодексі 192 бабы 4 бөлімі «қарақшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеп тексерілудің біріңғай тізіліміне енгізілді. Бұл өрескел қылмыс СҚО полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаевтың және облыс прокурорының бақылауына алынды. Жүргізіліп жатқан жедел тергеу іс шарасының аясында барлық патрульдер мен жасақтар, облыстардың полиция департаменттері бағдарланды.