Ай сайын зейнетақы қорынан "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне" 10 пайыз көлемінде ақша аударып, баспана мәселесін шешуге болады. Елдегі зейнетақы жүйесін Сингапур үлгісінде қайта жаңғыртуды ұсынған Стретегиялық бастамалар орталығының аға серіктесі Олжас Құдайбергенов осылай деп мәлімдеді. Қазір жұмыс беруші 100 мыңнан жоғары айлық алатын жұмысшысы үшін 6 түрлі салыққа 37 мың теңге төлейді. Ал Сингапурда 2 түрлі салық салынады. Олжас Құдайбергенов жаңа жүйені енгізетін болсақ, ай сайынғы зейнетақы төлемінің 10 пайызын банкке аударуға мүмкіндік туады дейді.
Олжас ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, СТРЕТЕГИЯЛЫҚ БАСТАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҒА СЕРІКТЕСІ, ЭКОНОМИСТ:
Сингапурдың салық жүйесі бізге қарағанда жақсылау. Олардың зейнетақы жүйесі баспанамен қамтамасыз ету жүйесімен бірге қосылған. Сондықтан Сингапурда 90 пайыз тұрғындардың өздерінің жеке баспанасы бар.
Экономист бұл ұсынысын жыл соңына дейін Президентке таныстыруды көздеп отыр. Мақұлданған жағдайда толығымен сингапурлық үлгіге өту үшін 1-2 жылдың өзі жеткілікі, дейді.
Ә. Өмірзақ