Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельге қатысты іс тоқтатылған жоқ. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Бұл тарулы ІІМ хабар таратты. Бүгін Сенат қабырғасында бұрынғы Бас прокурор, қазіргі Сенат депутаты Қайрат Қожамжаров бұл істің тоқтағанын БАҚ өкілдеріне жеткізген еді. Оның айтуынша, Олеся Кексельдің айналасындағы қазіргі жағдай бұрынғы энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа ісіне қатысы бар. Өйткені оған арыз түсірген Сарань қаласының кәсіпкері Шкарупа ісі бойынша айыпталушылар қатарында.
Қайрат ҚОЖАМЖАРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
Сенбі күні оған қылмыс белгілерінің жоқтығына орай іс тоқтатылғаны хабарланған. Алайда бұл тақырып қызу талқыланып жатқандықтан, іс қайта қаралуы мүмкін. Жалпы іс жайында Кексельдің өзінен хабардар болдым. Тергеуші оған телефон шалып, қылмыс құрамының жоқтығына байланысты іс тоқтылғанын айтқан.
Айта кетсек, Олеся Кексель бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қатысты атышулы істерді тергеумен айналысқан. Атап айтсақ, бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтың, экс-денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің және бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісін тергеген болатын.
Ә. Өмірзақ