Нұр-Сұлтанда саршұнақ аяз болса да, жылы аялдамалар әлі іске қосылмаған. Бір кезде қомақты қаржыға жасалған аялдамалардың халық игілігін көріп отыр ма? Жұмысқа автобуспен қатынайтын әріптесім Асылбек Данияр жылы аялдамалрдың неге пана бола алмай отырғанын тексеріп көрді.
Қысы алты айға созылатын бас қаланы қытымыр аяз қысып тұр. Ал жылы аялдамалар бұған дайын емес. Кейбіреуінің есігі бекітулі, ал ашық жатқанынада жылу жоқ. Автобус күтіп тұрған қала тұрғыны Аягөз Қабылбекова аялдама ішіндегі температураның сырттағыдан еш айырмашылығы жоқ деп ашынды.
Аягөз ҚАБЫЛБЕКОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Аялдаманың іші өте салқын. Даладағы температурамен бірдей. Осындай остоновкаларды жиі соғып, ішін жылылау қылса. Осындай қыстың күнгі аязда өте қиын болады. Балаларға да, өзімізге де жұмысқа.
Біз бірнеше жылы аялдамаларды аралап көрдік. Оларды жылыту құрылғылары жұмыс істеп тұрған жоқ. Ал, Күйші Дина көшесіндегі мына бір аялдаманың есігіне мұз қатып қалған. Тұрғындар мұнымен мәселе бетпейді деп отыр.
Анастасия БОТЮХ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Міне, мына жылыту қондырғысы жұмыс істеп тұрған жоқ. Сыртта да, іште де температура бірдей. Көріп тұрғаныңыздай мына аялдаманың іші өте лас. Амалсыздан, үсіп қалмау үшін осында тұрмын.
Жергілікті әкімдік бұл мәселеден хабардар. Оның айтуынша, қала бойынша жабық типтегі 105 аялдаманың 80 пайызына жылу жүйесі іске қосылған. Қалған аялдамалардың проблемасын шешіп жатырмыз деп сендірді.
Руслан АБДУАЛИЕВ, НҰР-СҰЛТАН қ. КӨЛІК ЖӘНЕ ЖОЛ-КӨЛІК ИНФОРҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Қазіргі уақытта жабық типті аялдамалардың павильондарын электр желісіне қосу жұмыстары жалғасып жатыр. Оның ішінде жүйе баптағыштары бойынша, реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда барлық павильондарың 25-30 павильондай электр жүйесіне қосу жұмыстары қалды. Солар бүгінгі күнде жүргізіліп жатыр.
Еске салайық мұндай аялдамалар ел астанысында осыдан 4 жыл бұрын пайда бола бастады. Сол кезде оның құны шамамен 10 миллион теңгені құрайтын еді. Кейін олардың қатары көбейді. Бірақ қомақты қаржыға келген аялдаманың игілігін ел көре алмай отыр.
Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:
Автобус күтіп тоңып қалдым. Осындағы жылы аялдамалардың біріне кіріп тұрайын. Өкінішке орай, жабық. Аязды күні адамдарға ық болатын жылы аялдамаларымыз әзірге осындай қалыпта. Ал, әкімдік өкілдері болса, бұның барлығын 25 қарашаға дейін аяқтаймыз деп уәде берді.
А. Данияр