Русский Сайттың толық нұсқасы

Он жастағы қыздың мәйітін шатыстырып беріп жіберген санитар қызметінен қуылды

  • AstanaTV
  • 22 қараша 2019
  • 3612

Күні кеше жол апатынан қаза тапқан 10 жастағы Айарудың денесін, шалғайдағы басқа бір отбасыға беріп жіберген оралдық санитар жұмыстан шығарылды. Қызметкерінің салғырттығы үшін сот сараптамалық институттың директоры да қатаң сөгіс алды. Қызының сүйегін мәйітханадан алуға барған Асылхан Қазиевке дәрігерлер сүйекті әлдеқашан беріп жібергенін айтқан. Мәйітхана қызметкерлері қателесіп, Айарудың денесін Оралдан 500 шақырым жердегі Сайқын аулынан келген басқа бір отбасыға салып берген. Шалғайға әкетілген қыздың денесі түнде орта жолдан кері қайтарылды. Сараптамалық институт өкілдері қара жамылған екі отбасыдан да болған жайтқа қатысты кешірім сұрады.  

Олжас ДҮЙСЕНБАЕВ, БҚО СОТ САРАПТАМАСЫ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: 

Біздің жұмыскердің жағынан қателік жіберіп тұр негізі. Өйткені ол справкада көрсетілген аты-жөні мен журналда тіркелген аты-жөнімен салыстырмаған. Салыстырмағандықтан, осындай мәселе болып жатыр. Болашақта мұндайды болдырмауға тырысамыз әрине.

Жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан 10 жастағы Айаруды көлік қағып, мерт болғанын кеше хабарлаған едік. Оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталып, қамауға алынды. Әрі сол күні апат болған жерге арнайы жарық бағаны орнатылды. Бүгін оралдықтар Айаруды жер қойнына тапсырды. Қалада жол апатынан адам өлімі көбеюіне байланысты облыс әкімі Ғали Есқалиев, қала басшысы Абат Шыныбековке сөгіс жариялады.  

Е. Карин