Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда Н.Балғымбаев атындағы Даму және коммуникациялар орталығы ашылды

  • AstanaTV
  • 25 қараша 2019
  • 7212

Атырауда мұнай және газ институты жанынан Нұрлан Балғымбаев атындағы Даму және коммуникациялар орталығы ашылды. Заманауи технологиялар жабдықталдан ғимаратта студенттер мұнайды бұрғылау, өндіру мен өңдеу дағдыларын дамыта алады. Орталықты өмірін мұнай саласына арнаған белгілі мемлекет қайраткерінің отбасы өз қаржысына салып берді.  

Нұрлан Балғымбаев атындағы орталық аймақтағы мұнай саласы мамандарын даярлау ісін жоғары деңгейге көтереді. Ашылу салтанатына келген облыс басшығы мен мұнай-газ саласының марқасқалары бір ауыздан осылай десті. 4 мың шаршы метр аумақты қамтитын үш қабатты оқу корпусында студенттер дәл қазір өндірісте пайдаланылатын заманауи құрылғылармен жұмыс істеуге дағдыланады.

Асқар БАЛҒЫМБАЕВ, Н.БАЛҒЫМБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚОРДЫҢ ӨКІЛІ:

Мұнайшылар үшін екі виртуалды бөлмелер бар. Бұл - АМТ-236 базасында салынған мұнайды бұрғылау тренажеры. Сондай-ақ мұнайды өндіру және өңдеу процесіне арналған виртуалды тренажерлар бар. Бұл - Нұрлан Өтепұлы балаларының қайырымдылық жобасы. Мұнай-газ саласы студенттері мен өзге де қызығушылық танытқан жандардың кәсіби біліктілігін көтеруге арнағалған.

Бұл - виртуалды тренажер бөлмесі. Студент кен орнында жүргендей, алған біліміне сай дағды қалыптастырады. Орталықта сондай-ақ су астында дәнекерлеу тәсілін игертеді. Бұрын Қашаған жобасында мұндай жұмыстарды тек шетелдік мамандар ғана атқарған еді. Студенттер үшін лингафондық және оқу залдары, интерактивті мұражай, виртуалды кітапхана жасақталған. Виртуалды кітапхананы пайдаланушыларға ресейлік Губкин атындағы университеттің кітапханасы қолжетімді. Бұл - 29 білім бағдарламасына сай маман дайындайтын 4 мыңнан астам студенті бар Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті үшін бағалы сый.

Ербол НҰРПЕЙІСОВ, С.ӨТЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ:

Қазіргі заманға сай зертханалар тұр. Және де тіл оқытуға да байланысты әртүрлі кабинеттер, конференц залдар. Бұл дегенің өзі біздің сапаны болашақ мамандардың сапасын көтеруге үлкен қажеттілігі бар.

Университет басшылығы болашақта орталықты толықтай пайдалану үшін еліміз бен шетелдің үздік мамандарын шақыруды жоспарлап отыр. Жоба авторларының айтуынша, бұл тмд елдеріндегі үшінші орталық. Алайда ғимарат заманауи жабдықталуы жағынан жоғары. Айта кетейік, нысан құрылысы кезінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың да кедергісіз жүріп-тұруына жағдай жасалған.

Б. Надирқызы