Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде өз өкілеттігін асырған полицейлер қызметтен қуылды

  • AstanaTV
  • 27 қараша 2019
  • 1776

Ақтөбеде полиция бөлімінде өз өкілеттігін асырып, ер адамды тепкінің астына алған патрульдік полиция қызметкерлері үстінен қызметтік тексеру басталды. Оқиғаға қатысы бар он қызметкер қызметтен қуылды, үш адам тәртіптік жазаға тартылған. Оқиға Алматы ауданының №3 қалалық полиция бөлімінде болған. Бұл бейне түсірілімде бұзақылық фактісімен ұсталған жігітті патрульдік полиция қызметкерлерінің бөлімге сүйреп кіргізіп, тепкінің астына алғаны айқын көрінеді. Мамандар істің ақ-қарасын анықтауға кірісті. Әзірге тепкінің астына алынған жігіт кафеде төбелес шығарып, полицияға бағынбаған көрінеді. Оған қатысты «Бұзақылық» бабымен және полиция қызметкерлерін қорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Атығай АРЫСТАНОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫ:

Жәбірленушінің біреуі ауруханада ол қолынан жарақат алған және бір қабырғасы сынған. Қалған екеуі үйлеріне жіберілді.

Б. Рахметова