Русский Сайттың толық нұсқасы

Ержан Максимге Польша ерекше ұсыныс білдірді - Г.Әлібек

  • AstanaTV
  • 27 қараша 2019
  • 2315

"Junior Eurovision-2019" ән байқауының екінші орын иегері Ержан Максимді Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қабылдады. Министр жүзден жүйрік шыққан жас әншіге ел туын желбіреткені үшін алғысын білдірді. Ержанның анасы Ержанға дауыс беріп қолдаған жанкүйерлерге ризашылығын жеткізді. Айтуынша, Қазақстанның Польшадағы елшілігі Ержанның жеке шығармашылық кешін өткізуге ұсыныс білдіріпті.

Гүлмира ӘЛІБЕК,  ЕРЖАННЫҢ АНАСЫ:

Ұйымдастыру жағы, барлығы жоғары деңгейде болды. Өте ризамыз. Ешкімге ешқандай өкпеміз жоқ. Барлығы керемет, барлығы тамаша. Ең бастысы, Ержан әнін жоғары деңгейде айтып, жұртшылықтың ризашылығына бөленді. Қаншама шетелдіктер келіп құттықтап, жалғыз Ержан деп құттықтаған жоқ. "Қазақстан, жарайсыңдар!" деп. Жалпы, Қазақстан деп барлығы құттықтады.

Айта кетейін, Польшада өткен «Junior Eurovision-2019» ән байқауында бақ сынаған қазақстандық Ержан Максим екінші орын алды. Қазылардың берген бағасы бойынша Ержан Максим бірінші орында еді. Ал онлайн дауыс беру қорытындысымен 79 ұпай жинады. Осылайша қазақстандық әнші жалпы 227 ұпаймен екінші орын алды.

А. Данияр