Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұр-Сұлтанда тұрғын үйлерді газбен қамтамасыз ететін құбыр салынбаған

  • AstanaTV
  • 28 қараша 2019
  • 1872

Қала көшелеріне газ тарту жұмыстары келесі жылдың күзінде басталады. Бұл туралы бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында белгілі болды. "Сарыарқа" газ магистраліне жауапты Энергетика министрлігі ұзындығы 1 мың 61 шақырым болатын құбырды тарту жұмыстарын аяқтағанын жеткізді. Бірақ мәжіліс төрағасы құбыр тартылғанмен жұмыс бетпейді, деді.  

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Саласыз сол магистарлды трубаны 31-ші желтоқсанда. Той думанды жасайсыңдар. Біреу-біреуін мақтап. Жасадық, істедік деп. Әрине жасайсыңдар, қаражат бар. Ал енді елге халыққа газ үйлеріне кірмесе, онда ол магистральдің барын, жоғын оларға бәрібір. Сіздің министрлігіңіз жауап беруі керек. Бірінші қадамнан, ең соңғысы неге ауылға, үйлеріне газ келуін. 


Энергетика вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов көгілдір отынды елордаға дейін жеткізу өздеріне міндеттелгенін айтты. Ал, қала ішіне кіргізу ол шаһар әкімдігінің құзыретінде деді. Жергілікті артқарушы органдар бұл бағыттағы жұмыстарды кешіктірген деп отыр.

Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Барлығы конкурс арқылы өтеді ғой, құбырларды салу, жұмыстарды ұйымдастыру. Сол тендер жағынан кідіріс болып қалды оларда. Соның әсері тиіп жатыр да уақытында жұмыс аяқталмағанына.

А. Асқарұлы