Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәжіліс пен "Атамекен" ҰКП ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындап алды

  • AstanaTV
  • 29 қараша 2019
  • 1546

Бизнесті қорғау және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу.  2020-шы жылдан бастап Мәжіліс пен "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп осы бағытта жұмыстар жүргізбек. Бүгін тараптар ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындап алды. Келесі жылдан бастап мемлекеттік сатып алуға, сондай-ақ отандық тауар өндірушілерді қолдауға ерекше көңіл бөлінетін болады. Бизнестің тұтынушылар алдындағы жауапкершілігін де күшейту көзделген. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин отандық кәсіпкерлікті дамыту үшін заң шығарушы, атқарушы органдар мен бизнес-қоғамдастық бірлесіп, жүйелі жұмыс істеуі маңызды екенін атап өтті.