Алматыда банк және қаржылық қызмет көрсету саласын дамытуға арналған үздік жобалар байқауы басталды. «Baiterek Hackathon» деп аталатын Республикалық өнертапқыштар сайысында бағдарламалық өнертапқыштар, қаржыгер, менеджер және дизайн саласының өкілдері бақ сынамақ. Тілшіміз толықтарды.
ІТ саласындағы білікті, білімді жастар байқауы басталды. Сайысқа 500 адам өтініш берген, оның ішінде 200-ден астамы таңдап алынған. Топ-топқа бөлінетін талантты жастар банк, қаржы және менеджмент саласын цифрландыру бойынша тың жоба жасауы шарт. Ұйымдастырушылардың бірі - Бәйтерек холдингі өкілінің айтуынша, басты мақсат заманға сай отандық өнертабыстарды нарыққа шығару. Өйткені, бүгінде банк қызметі және басқа да қызмет көрсету саласы онлайн жүйеге ауысуда.
Әділ НҰРҒОЖИН, «БӘЙТЕРЕК» ҰБХ» АҚ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
Институттың арасындағы нарықпен тікелей жақын жұмыс істейтін институт - осы тұрғын үй құрылсы жинақ банкі. Сондықтан осы жерден бастап жатырмыз. Бұл бір рет ұйымдастырылатын шара емес. Мақсатымыз мұны әр жыл сайын жасау. Нарықтағы ІТ компанияларды таңдау, ІТ командаларға мүмкіндік беру. Осы компанияларды, отандық ІТ компанияларды өсіру.
«Baiterek Hackathon» қатысушыларының жоба аясындағы шеберлігін арттыру, өнертапқыштарды сұранысы жоғары салаға бағыттау мақсатында шеберлік сағаты өтті. Жас таланттарға әлемдік ІТ саласының үздіктері Бенджамин Вонг, Таддеус Ко және Тяняо Лью сабақ жүргізді.
Таддеус КО, СИНГАПУРЛЫҚ Е27 МЕДИА-ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ:
«Baiterek Hackathon» талантты жастардың үздік жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тиімді бастама. Мұнда өнертапқыштар шеберлігін арттырады, сұранысы жоғары саланы танып біле алады. Сингапурде банктің қызмет көрсету саласын дамытуға арналған Хакатон тұрақты өтіп тұрады. Өйткені, аталған сала үнемі заман талабына сай болуы шарт.
Жарыстың жалпы жүлде қоры 2 миллион теңге. Оны қанжығалау үшін әр топ ортақ жобаны жасап қазылар алқасы алдында қорғауы басты талап. ІТ жобаларды бағалаудың негізгі шарттары мынадай: өнертабыс сұранысқа сай, нарыққа шығару жолы жүйеленген болу керек. Сонымен қатар, екі тәулікте дайындауы қажет. Ал, білімі мен біліктілігін көрсете білген жас таланттар елдегі үздік ІТ компанияларға жолдама алуы мүмкін.
А. Кемелжан