Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылорда облысында аударылып қалған жолаушылар автобусы техникалық байқаудан өтпеген

  • AstanaTV
  • 03 желтоқсан 2019
  • 3895

Қызылорда облысындағы жантүршігерлік жол апатынан сегіз адам жан тапсырды.Тағы 13 жолаушы хал үстінде жатыр. Зардап шеккендердің барлығы вахталық тәсілмен жұмыс істеген мұнайшылар. Автобус көктайғақтан апатқа ұшыраған деген болжам бар. Алайда көліктің техникалық ахуалы да күдік тудырып отыр. Автобуста 36 жолаушы болған. Олар Шымкент, Тараз, Қызылорда және Түркістан облысының тұрғындары. Қазір тас жол уақытша жабық. Ал қайтыс болған адамдардың денесі арнайы көлікпен жеткізіледі.

Жол апаты жөнінде хабарлама төтенше жағдайлар департаментіне таңғы сағат төрт жиырмада түскен. Құтқарушылар бір жарым сағаттан соң оқиға орнына жетіпті. Автобуста Құмкөлден қайтқан 36 адам болған. Олар «СаутсОйл» компаниясының жұмысшылары. Апаттан сегіз адам опат болды. Қайтыс болған жолаушының бірі автобусқа бастырылып қалған көрінеді. Құтқарушылар марқұмның денесін арнайы кранның көмегімен алып шыққан.

Омар БЕРЖАНОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТЖД БАСШЫСЫ:
 
Жарты сағаттын ішінде үш мәйіті табылды жұмысшылардың. Одан кейін 15 минутта 4 мәйіт табылды. Артынан біздің қызметкерлер құтқару құралдарымен сол автобустын ішінен тірі, әр-түрлі жарақат алған 9 жұмысшыны шығарып, жедел-жәрдем автокөліктеріне салуға көмектесті. Сол автобустын ішінен және қасынан мәйіттер тапты. Сол 08.45-та автокранны көмегімен автобусты көтеріп, тұрғызу кезінде тағы жетінші мәйіт автобустын ішінен табылды. Аварийно-Құтқару құралымен соңғы мәйіт екі отыргыштын ортасында қыстырылып төменде қалып қойған. 

Жедел жәрдемнің жеті бригадасы таңғы тоғызда зардап шеккендерді облыстық және қалалық ауруханаға жеткізді. Қазір жеті адам жансақтау бөлімінде. Он төрті нейрохирургия және жарақат бөлімінде жатыр.

Алмас ӘБІЛПАТТА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Облыстық ауруханада 18 адам қаралды. Оның ішінде 13 адам госпитализациялып, алтауы жағдайларының ауырлығына байланысты әртүрлі политравма жарақаттарымен реанимация бөліміне жатқызылды. Нейрохируртармен, травматологтармен, хирургтармен ота жасалып жатыр. Реанимацияда жатқан науқастардың жағдайлары ауыр.


Ажалдан аман қалғандардың айтуынша автобус апатқа ұшыраған сәтте жолаушылар түгел ұйқыда болған. Көктайғақ жолдан басқа есте ештеңе қалған жоқ-,дейді зардап шеккендер.

ЗАРДАП ШЕГУШІ:

Түнде білмейміз ғой, ұйықтап кеткеніміз болады арамызда. Не жағдай болғанын білмеймін, жол гололед еді негізінде. Түсіп кейін жолды ұстап көрсек-гололед екен, сырғанап тұр. Басқа ничего не помню. Ештеңе есімде жоқ.

Төтенше жағдайлар департаменті көктайғақ болатынын ескерттік деп отыр.  Қазір оқыс оқиғаға қатысты сотқа дейнігі тергеу басталды.

Шәмшадин ӘМИТОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Оқиғаның негізі орын алу себебі асфальттын жоғарғы қабатының тайғақ болуы, ауа-райының күрт өзгеруінен жүргізуше автобусты басқару жүйесіне ие бола алмай, жолдан шығып, автобус аударылған. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 345 бабының 4 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.  

Ел президенті Қасым -Жомарт Тоқаев мұнайшылар отбасына қайғырып көңіл айтты. Зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді. Айта кетейік, автобуста болған жолаушылардың түгелі Саутс -ойл компаниясының жұмысшылары. Компанияның бас кеңсесі Шымкент шаһарында. Түсірілім тобы кеңсеге кіре алмады.

Тайғақ жолда аударылып қалған ввтобус биыл наурыз айында соңғы рет техникалық байқаудан өткені белгілі болды. Бірақ ережеге сәйкес бұл тектес транспорттар алты ай сайын тексерілуі тиіс. Яғни мұнайшылар мінген көліктің техникалық жағдайы қыркүйекте анықталу қажет болған. Алайда  көліктік қадағалау инспекциясының ортақ мәліметтер базасынан оның тексерістен өткені жөнінде әзірге мәлімет табылмады.

З. Санай