Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте 31 жастағы азаматша өзін өртеп жіберді

  • AstanaTV
  • 04 желтоқсан 2019
  • 2988

Шымкентте жантүршігерлік жағдай. 31 жастағы азаматша өз өзіне от қойған. Денесінің 85 пайызы күйіп қалған ол жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалады.

Мадина ЕРМАХАНБЕТОВА, Т. О.ОРЫНБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖОҒАРЫ ҚЫСЫМДЫ ОКСИГЕНАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:


Алған жарақаты термиялық күйік шалудың бастың, мойынның, беттің, аяқ-қолдың және дененің дененің күйік шалуының 2,3 а б , 4 дәрежедегі күйік шалуы және жалпы көлемі 85 пайыз көлеммен науқас жансақтау бөліміне жатқызылды. Жедел түрде инфузиялық шокқа қарсы ем антибактериалдық ем симптоматикалық синдромдық және жергілікті емдер тағайындалды.
   
Жоғары қысымды оксигенация орталығы бас дәрігерінің мәліметінше, күйзеліс жағдайындағы азаматша кеше күндізгі төрттер шамасында өз аяғымен келген. Оның жанында ер азамат болған. Бейресми ақпарат көзіне сүйенсек, күйік шалған азаматша сүйіктісінің өзінен теріс айналуы себеп көрінеді. Қаладан тысқары жігітімен оңаша әңгімелесуге барған ол өзімен бірге бензинге ұқсас сұйықты денесіне құйып, от қойып үлгерсе керек. Қазір бұл іспен полиция айналысып жатыр.

Әсел СӘДЕНОВА,  ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Аталған жайт Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 105-бабы яғни «өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

А. Төребекқызы