Русский Сайттың толық нұсқасы

Жыл басынан бері Шымкентте 43 сыбайлас жемқорлық дерегі анықталды

  • AstanaTV
  • 04 желтоқсан 2019
  • 1489

Шымкентте соңғы жылдары парақорлық өршіген. Мұндай ақпарат бүгінгі "Nur Otan" партиясындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесте айтылды. Жыл басынан бері шымқалада 37 құқықбұзушылық тіркеліпті. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда көп. Сарапшылардың мәліметінше, жемқорлық көбіне ауыл шаруашылығы, білім беру және жер саласында кездеседі. Тіпті, қылмысқа әкімдік қызметкерлері, ведомстволық ұйымдар мен ішкі істер органдарының қызметкерлері де баратын көрінеді. Сонымен қатар, биыл жыл басынан бері Түркістан облысында 80-ге парақорлық анықталған. Олар елге 300 млн. теңгеден астам шығын келтіріпті.

Қайырбек СҮЛЕЙМЕНОВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Мұндағы басты мәселе - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жергілікті кеңестер жұмысын сапасыз жоспарлауында. Көптеген жағдайларда мәжіліс хаттамалары, қатысушылардың тізімі, қаулылар, анықтамалар жоқ. Ал мұндай құжаттар аймақтағы істің жүйелі жүргізілуі мен нақты талдау жасауға мүмкіндік береді. Сәйкесінше, бұл құжаттар біздің Кеңестің жұмысына әсер етеді.


А. Мүтәлі