Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда маршруттық такси жүргізушілері шу шығарды

  • AstanaTV
  • 05 желтоқсан 2019
  • 2189

Павлодарда маршруттық такси жүргізушілері шу шығарды. Олар шағын автобустардың қатынау жиілігін  ұзартқанына наразы. Жүргізушілермен қала әкімі кездесті. Тараптарды тындаған әріптесім Өзгеріс Қуанар жалғастырады.

Қалада қоғамдық көліктің 3 түрі қатынайды. Соның бірі маршруттық таксилер. Олар бұған дейін қала ішінде 5 минуттық жиілікпен жүріп келген. Тасымалдауға жауапты орган қозғалыс жиілігін 8 минутқа ұзартыпты.

КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ:

8 минуттық интервал жасадыңыздар. Бұл біріншіден, бізге екіншіден, тұрғындарға қолайсыз болды. Олар  аязды күндері аялдамаларда автобус күтуге мәжбүр.  Ал біз соңғы аялдамада 50 минут тұрамыз.

Қала әкімі Қайрат Нүкенов мұндай шешім заңсыз тасымалдаушылардың алын алу үшін қабылданған деді. Себебі ірі жолаушы тасымалдаушы ұйымдар, шағын санаттағы маршруттық таксилер қозғалыс кестесін жиі бұзатынын айтып шағымданған. 

Ал  шаһар әкімі  тасымалдаушы ұйымдарды сабырға шақырып, әлі де бұл мәселені жан-жақты тексеретінін жеткізді.

Қайрат НҮКЕНОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Біз қажет болса, маршруттардың қозғалысын жиілігін 6 минутқа дейін қысқартамыз. Бірақ,  маршруттық такси тасымалдаушылары уақытылы жұмыс  істемейтін болса, жолаушыларды  үлкен кластағы автобустарға ауыстырумыз мүмкін. Бұның барлығы біздің тұрғындар үшін қолайлы болуы керек.

Ал тұрғындар  аялдамаларда  қоғамдық көліктерді көп күтетін айтады.

БЛИЦ:

- Бұрында олай емес еді негізі. Қазір соңғы кезде солай. 10-15 минут тұрасың.
- Адамдар тоңып қалуы мүмкін. Енді жылы киінуге тырасамыз. Жақындатса, дұрыс болар еді.
- Жиі жиі автобустарды істеу керек. Баратын жүретін.


Жалпы шаһарда  жолаушы тасымалдайтын 33 автобустық бағыт бар. Оның 12-сі шағын кластағы көліктердің еншісінде.

Ө. Қуанар