Жезқазғанда 8 жастағы мектеп оқушысы менингиттің ауыр түрінен қайтыс болған. Қыз баланың өліміне самсаның еш қатысы жоқ. Ал тағы 5 баланың астан улануына не себеп болғаны анықталып жатыр. Денсаулық сақтау басқармасы осылай деді.
Гүлжан ЖИЕМБАЕВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Балаға жедел жәрдемде апендицит, ал ауруханаға алғаш түскенде өткір ішек инфекциясы диагнозы қойылып, емдеу кезінде денесіне бөртпелер шығып жағдайы нашарлай бастайды. Сөйтіп менингит диагнозы анықталып, жан сақтау бөлімінде интенсивті ем жасалған. Алайда ем көмектеспей қайтыс болып кеткен.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқушы менингококк инфекциясының ауа арқылы тарайтын бактериологиялық ең ауыр түріне шалдыққан. Сондықтан оны құтқару мүмкін болмады деп отыр. Қазір марқұм оқыған 21- інші мектептің оқушылары мен мұғалімдері сондай-ақ 14 медицина қызметкері бақылауға алынған. Жалпы биыл аталған қауіпті дертке 6 адам шалдықса, оның 5- еуі бақилық болған. Мамандар бүгін Жезқазғандағы 10- ыншы мектеп те тексеріліп жатқанын айтты. Онда 5 бала астан ұшынған. Санитарлық дәрігерлер асханадан сынама алыпты. Ал, білім ошғаның директоры балалар мектеп уланған жоқ деп отыр.
Әлия БӘЖІБАЕВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ № 10 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:
Нулевойда оқитын екі бала мектептен тамақ ішпеген. 3 бала бесплатный питание ішетін балалар, күнделікті мектептен ішіп жүрген тамағы. Кеше бүгіннен бері сэс келіп анықтап іздеп жатыр енді. Әлі белгісіз мүмкін көшеде деген тамақ шығар. Өйткені екі бала асханада тамақ ішпеген. Сондықтан отравление деп айта алмаймыз. Мектепте 915 бала бар, ондай болса кемінде 50 бала ауыратын еді ғой ондаймен.
А. Куаш