Русский Сайттың толық нұсқасы

«Nur Otan-да» отандық кинематографияның даму мәселелері талқыланды

  • AstanaTV
  • 05 желтоқсан 2019
  • 2687

Отандық кино өндірісінің күнгейі мен көлеңкесі. Бүгін «Nur Otan» партиясы жанынан құрылған «Мирас» республикалық қоғамдық кеңесінде отандық кинематографияның дамуын тежеп тұрған проблемалар көтерілді. Онда кино саласының мамандары, отандық телеарна жетекшілері, зиялы қауым және парламент депутаттары қатысты. Заң тұрғысынан бұл саладағы мәселелерді шешуге тырысқанымызбен шикіліктер әлі де бар, дейді тіл жанашыры Бекболат Тілеухан.

Бекболат ТІЛЕУХАН, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ «МИРАС» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:


Атап айтқанда ұлттық киноның қазіргі даму жағдайындағы көркемдік сапасы, тақырып мәселесі, кинотетарларда фильмдердің мемлекеттік тілде көрсетілуінің аздығы фильмдердің қазақ тіліне аударылу сапасы. Жасыратыны жоқ, кинотеатрдағы азғантай коррупция мәселесі. Қазір мен киномамандарының айтуы бойынша айтып отырмын.

Ұлттық фильмдерді прокаттау кезіндегі кинотеатрларды 20 пайыз корпоративтік табыс салығынан босату көзделген. Осыны еске салған мәдениет және спорт министрі бұл процесті тікелей қадағалау үшін автоматтандырылған ақпараттық жүйеге көшуді ұсынды.

Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:

Кинематография туралы ҚР заңына сәйкес фильмдер мониторгингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді. Біз норманы заңға кіргіздік және осы автоматтандырылған бірыңғай ақпараттық жүйені құру туралы жұмыстанып жатырмыз.

Ә. Өмірзақ