Русский Сайттың толық нұсқасы

Соғыс ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне жəне жалғыз басты зейнеткерлерге көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын нұротандықтар жіті назарда ұстап отыр

  • AstanaTV
  • 11 қазан 2017
  • 3320

Соғыс ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне жəне жалғыз басты зейнеткерлерге көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын нұротандықтар жіті назарда ұстап отыр. Атырауда «Ардагерлерді ардақтайық» атты партия жобасының аясында партия мүшелері рейд өткізді.

40 жыл бойы "Эмбамұнай" өндірістік кəсіпорнында қызмет еткен Ханифаға Əубекерова бүгінде зейнетке шығып, еңбегінің жемісін көріп отыр. Қарт ана мықты денсаулығына шүкіршілік етеді, қан қысымы да қалыпты. Мұны партиялықтармен бірге зейнеткердің денсаулығын тексерген дəрігер де растап отыр. 

Нұротандықтар еңбек ардагері, тəжірибелі ұстаз Надежда Друговаға да жолығып көрді. "Нұр Отан" партиясы Атырау филиалының мүшелері зейнеткерлердің жағдайын жиі біліп, барынша қолдау көрсетуге тырысатындарын жеткізді. Қариялардың барлық өтініштерін партиялықтар өз бақылауына алмақ. 

Нұрбол Құрман, Атырау қалалық мəслихатының депутаты, "Нұр Отан" партиясының мүшесі:

Кішігірім мәселелер бар. Ол енді шешіледі деп ойлаймын. Бұл мәселелер "Нұр Отан" партиясыеың қарауында болады. Акциямызды жалғастырамыз, басқа да қарттарымыздың жағдайларын біліп, көңіл бөліп оларға жолығамыз.