Русский Сайттың толық нұсқасы

Дәрі-дәрмек бағасын тұрақтандыру бойынша заң жобасы әзірленіп жатыр - Л.Бюрабекова

  • AstanaTV
  • 11 қазан 2017
  • 2616

Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы фармация комитетінің басшысы Людмила Пак пен «СҚ-Фармация» басшысы Максим Касаткиннің парамен ұсталу ісі дәрі-дәрмек саласындағы бағаны тұрақтандыруға және тендрлерді мерзімінде өткізуге кедергі келтірмейді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі фармация комитетінің жаңа төрайымы мәлімдеді. Қазір құзырлы орган дәрі-дәрмек бағасын реттеу бойынша арнайы заң жобасын да әзірлеп жатыр, ол келер жылға қарай ұсынылмақ.

Сондай-ақ Бюрабекова ендігіде дәрігерлердің тағайындауымен берілген дәрі-дәрмектердің  қаншалықты дұрыс тағайындалғаны тексерілетін болады дейді. Себебі ақ халаттылардың фармацевтикалық компаниялармен келісіп, арзан баламасы бола тұра, белгілі бір компанияның қымбат дәрісін алу керек деп нұсқау беруі көбейген.