Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордалық азамат ішкілікке салынған әйелін аналық құқықтан айырғыс келеді

  • AstanaTV
  • 10 желтоқсан 2019
  • 1839

Көп балалы әке ішкілікке салынған әйелін аналық құқығынан айырғысы келеді. 48 жастағы ана 5 баласын күйеуіне тастап, қаңғып кеткен. Балаларының үлкені 15 жаста болса, кіші егізі 2-де. Отбасының жағдайымен танысып келген әріптесім Асылбек Данияр тақырыпты жалғастырды.

58 жастағы 3 топ мүгедегі Амангелді Абелдинов пен жұбайы осыдан 17 жыл бұрын отау құрған. Айтуынша, әйелінің үйден өз бетімен кетіп қалатын әдеті әу бастан бар. Соңғы уақытта тіпті, үйіне келуді де қойған. Шыдамы таусылған отағасы ажырасу үшін де өтініш беріпті. Ол бөтелкемен дос болған әйелін аналық құқығынан да айырғысы келетінін айтты.

Амангелді АБЕЛДИНОВ, КӨПБАЛАЛЫ ӘКЕ:


Өз балаларың өзіңе ішіп алған өзің алда лечить ет дейді. Одан кейін АСП-ның жартысын әкетіп жартысын берді. Қарап отырсаңыз үйде өте қиын жағдай. Мына, балалармен көмектес десем көмек жоқ. Ішетіні арақ, шегетіні темекі.

Меруерт МҰРАТҚЫЗЫ, КӨРШІСІ:

Бұндай ананы шынымды айтсам бірінші рет көрдім. Себебі, өзімнің көзім жеткені осы жақында ауырды балалар қатты ауырды. Сонда әкесі звандады сен кел балалар ауырып жатыр, мен сені кешірейін. Бәрін ұмытайық, бірге тұрайық деді. Енді бұл кісінің ешқандай кінәсі жоқ. Ол кісі келмеді. Сол кезде көзім жетті сондай безбүйрек ана екеніне.

15 жастағы үйдің үлкен де анасынан теріс айналған.

Амангелді АБЕЛДИНОВТЫҢ ҰЛЫ:

Жасы келгеннен кейін кішкене ес кіреді ма деп ойлағанбыз енді. Не дегенмен 45-ке толып жатыр ғой енді. Араққа құмар өте. Бізді ойламайды балаларды. Бұлай қарасам балаларды ойлауға болады ғой енді мен жарайды үлкенмін. Ондай адамды қалай ана деп қабылдайсың. Не інілерімді ойламайды, не мені ойламайды.


Қаладағы пәтерлердің бірінде тұрып жатқан балалардың анасына бардық.

- Балалар керек пе сізге керек емес пе сізге?
- Керек. Я через суд заберу.
-Сіздің енді балаларыңыз бар ғой. Неге бармайсыз?
-Я с ним жить не хочу. Я его видеть не хочу.


Заңгер маман мұндай әйелдері аналық құқығынан айыруға болатынын жеткізді. Ол әкенің 5 баласы барын ескеріп, тегін көмектесуге уәде берді.

Жандос ТҰЯҚОВ, ЗАҢГЕР:

3 жағдайда аналық немесе әкелік құқығынан айыруға болады. Яғни ата-ананың біреуі заңнамада көрсетілгендей өзінің баласына қамқорлық көрсетпесе, тәрбиесіне араласпаса. Екінші алимент төлемеген жағдайда және үшінші балаларға дұрыс қарамау, дұрыс жолда жүрмеу. 

Балалардың құқығын қорғау комитеті бұл дауды тек сот арқылы шешуге болатынын айтты. Ол үшін көпбалалы әке ажырасқанын растайтын куәлігі болуы шарт.

А. Данияр