Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәжілісмендер 2 сағат бойы нені шеше алмады?

  • AstanaTV
  • 10 желтоқсан 2019
  • 1862

Мәжілісмендер 2 сағат бойы нені шеше алмады? Бүгін Мәжіліс қабырғасында шахматтан халықаралық турнир өтті. Молдова, Қырғыстан және Армениядан келген депуттатар мен елдегі халық қалаулылары гросмейстер Динара Садуақасовамен сайысқа түсті. Мемлекеттік деңгейдегі мәселелерді көтеріп, оның шешу жолында аянбайтын мәжілісмендер бұл жолы қазақ қызының алдында қадамдарын аңдап басты. Владимир Божко бастаған қазақстандық депутаттар біраз қара терге түсіп, ұзақ ойланды. Арасында әріптестерінің көмегіне жүгінгендер де болды.

Алайда, бұл жолы ымдасып, сыбырласып жасаған топтық жұмыс та оларға көмектеспеді. Халық қалаулары елордалық арудан қаз қатар жеңіліп жатты. Ойыннан шығып қалғандардың пікірінше, оларға шеберлік жетіспеген.

Қуаныш СҰЛТАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Шеберлік жетпейді. Содан кейін, бұл біздің қарап отырғаны заңымызбенен бірдей емес. Мысалы, біз ойланып отырған нәрсені ол уже әлдеқашан оның қай жерге қашан мына фигура барып тоқтайды. Қандай жүріс жасайды. Оның бәрін ол біліп қойған.

18 депутат қатысқан жарыс қортындысында ойынды 4 адам ғана теңестіре алды. Екеуі Молдова, Қырғыстаннан келген қонақтар болса, Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко да қарсыласына осал емес екенін дәлеледі. Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Аманжан Жамалов та осы сында ойлау қабілеті жақсы екенін көрсете білді. Нұрлан Нығматулин әріптестік ынтымақтастықты нығайтатын мұндай сайысты енді жиі ұйымдастырамыз деп отыр.

Нұрлан НҒЫМАТУЛЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:


Енді жыл сайын 16 желтоқсан, яғни Тәуелсіздік күніне қарсы Қазақстанның намысын әлемдік додаларда қорғап жүрген спорт шеберлерімен сайыс ұйымдастыратын боламыз. Ал шахмат - бұл жеке өнер. Ал бүгінгі турнир бұл спорттың кеңінен насихатталуына үлкен үлес болады.

А. Мүтәлі