Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәжіліс депутаты: Қазақ тілінің латын қаріпіне көшудің ұсынылған екінші нұсқасы сөйлеу графикасына жақын

  • AstanaTV
  • 11 қазан 2017
  • 2698

Латын қаріпінің екінші ұсынылған нұсқасы сөйлеу графикасына жақын. Парламент Мәжілісінің депутаты Бейбіт Мамраев осындай пікір білдірді. Оның айтуынша, мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшу процесі жылдың соңына дейін әлі де болса қоғамдық талқылауды қажет етеді.

Бейбіт Мамраев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Елмен осы процесс талқыланды. Сондықтан осындай тапсырма, осындай заманға  сай талапты біз осылай шешуіміз керек деген уақытқа жетеміз деп, мен сенемін. Сондықтан қорытынды айтатыным, бұл мәселе кешенді және мұқият қаралуға тиісті әлі де.