Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда телефон алаяқтары ұтыс ойнату арқылы жұрттың ақшасын қалтаға басқан

  • AstanaTV
  • 11 желтоқсан 2019
  • 2220

Құттықтаймыз! Сіз жүлде ұтып алдыңыз! Павлодарда осындай смс хабарламасын алған бірнеше адам алаяқтар құрбаны болды. Олар кез келген нөмірге хабарласып, ұтысқа қымбат автокөлік пен бағалы теледидарлар тігілгенін айтқан. Ал ұтысқа шыққан бағалы зат үшін алдымен кіріс салығын төлеу керектігін хабарлайды. Бұған иланып қалған тұрғындар 7 мыңнан 15 мыңның аралығында ақша аударған. Полицейлер 2 күдіктіні қолға түсірді. Олар бұрын сотты болған Екібастұз қаласының тұрғыны. Ұстау кезінде 2 ұялы телефон мен SIM-карталар тапқан. Олар өздерін көлік сату орталығының қызметкері ретінде таныстырған. Осылайша 48 адам сан соғып қалыпты. Жыл басынан бері өңірде алаяқтық бабы бойынша 3 мыңнан аса іс тіркеліпті.

Рашад ӨТЕУОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Қазіргі уақытта аталған қылмыскерлерге қатысты сот болып, тиісті жазасын алды. Қылмысты ұйымдастырушы 4 жылға, оған көмектескен сыбайласы 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Ө. Қуанар