Русский Сайттың толық нұсқасы

Экс-банкир Жомарт Ертаевқа қатысты сот отырысы басталды

  • AstanaTV
  • 12 желтоқсан 2019
  • 2637

Алматыда экс-банкир Жомарт Ертаевқа қатысты сот басталды. Істі мамандандырылған ауданаралық соты қарауда. Айыпталушылар саны 37. Басты фигурат 2011-2017 жылдары аралығында екінші деңгейлі банкіндегі қызметін асыра пайдаланып, қомақты қаржыны жымқырды деген күдікке іліккен. Енді ол Қылмыстық Кодекстің алаяқтық бабымен заң алдында жауап бермек.Аршын Кемелжан толықтырады.

Аршын КЕМЕЛЖАН, ТІЛШІ:
 
Айыпталушы Жомарт Ертаев өткен жылдың мамырында Мәскеуде ұсталып, биыл наурызда елге қайтарылған еді. Содан бері ол қамауда отыр. 47 жастағы бұрыңғы банкир екінші деңгейлі банктің басшылық қызметінде жүріп алаяқтық жасады деп айыпталып отыр. 144 млрд. теңгені жымқырды деген күдікке іліккен.

Айыпталушы орындығында 37 адам отыр. Күдіктілердің басым бөлігі банкінің бір кездегі топ менеджерлері мен  қатардағы қызметкерлері.

Соттың алғашқы күнінде судья қылмыстық іске қатысты күдіктілер мен жәбірленушілердің ісімен танысып, қорғаушылардың уәжін тындады.

Процеске 30-дан аса адвокат, 3 прокурор қатысуда. Жомарт Ертаев ісіне қатысты басты сот талқылауы 26 желтоқсан күніне белгіленді. Экс-банкирдің қылмысы дәлелденсе, ол 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Аршын КЕМЕЛЖАН, ТІЛШІ:

Еске сала кетейік, бұл Жомарт Ертаевтың үстінен қозғалған екінші қылмыстық іс. 2009 жылы Альянс банктің бұрыңғы төрт басшысымен бірге 1,1 млрд. доллар жымқырды деп айыпталып, қаржыгер қомақты айыппұл төлеп құтылған болатын.


А. Кемелжан