Русский Сайттың толық нұсқасы

Тұңғыш Президент тілшілер қауымына алғыс білдірді

  • AstanaTV
  • 13 желтоқсан 2019
  • 2314

Елбасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін журналистер қауымына алғыс білдіріп, алғыр мамандардың ерен еңбегін атап өтті. Отандық журналистиканың дамуына сүбелі үлес қосқан «Алаш Медиа Групп» медиахолдинг директоры Батыр Қазыбаев, «Казахстанская правда» газетінің тілшісі Юлия Магер,  Президент телерадиокешенінің техникалық директоры Қайрат Мақажанов, «Назарбаев-Орталығының» техникалық-өндірістік қызметінің жетекшісі Ернар Ибрагимов Елбасының ерекше ықыласына бөленді. Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдаған алғыс хатын Тұңғыш Президент кеңсесінің жетекшісі Махмуд Қасымбеков  табыстады.

З. Санай