Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұр-Сұлтанда 11 мүмкіндігі шектеулі жанға мүгедектер арбасы тапсырылды

  • AstanaTV
  • 13 желтоқсан 2019
  • 3810

Нұр-Сұлтанда 11 мүмкіндігі шектеулі жанға мүгедектер арбасы тапсырылды. Жалпы құны 2 миллион 600 мың теңгені құрайды. Оған "Samurk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры демеушілік жасаған. Сонымен қатар, кәсіпкер Қайрат Боранбаев 10 инватаксиді сыйға тартты. Асылбек Данияр сабақтайды.

Бүгінде ел астанасында 26 мың 700-ден аса мүгедек бар. Оның 5 мың 600-ге жуығы балалар. Күні бүгінге дейін оларға 36 инватакси қызмет көрсетіп келді. Алайда бұл мүгедектердің қажеттілігін өтей алмауда. Осыны ескерген жергілікті әкімдік өкілдері, мерекеге сый жасады. .

Елнұр БЕЙСЕМБАЕВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ:


Біз түсінуіміз қажет.Бүгінгі таңдағы ерекше азаматтар дейміз бе, мүгедек азаматтар дейміз бе, оларға жылдан-жылға мемлекеттің тарапынан қолдау артып келе жатыр. Инватаксидің жетіспеушілігін барлығымыз білеміз. Осыны шешуде бірден-бір осындай жолдарды алдыға қойып отырмыз. Бұдан бұлай да осы мәселені жіті қадағалауға алып, іске асырамыз деген ойдамыз. 


Қалалық "Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау" басқармасы өкілдерінің айтуынша, мүгедектер инватакси қызметін тегін пайдаланады. Алдын ала диспечерге қоңырау шалып, тапсырыс берсе болғаны деді. 

Әйгерім ТӘҢІРБЕРГЕНОВА, НҰР-СҰЛТАН қ. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘУЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 
Инватаксидің қызметін барлық мүмкіншілігі шектеулі азаматтар өзінің жұмысына баруға немесе оқуына баруға, әлеуметтік мекемелеріне бару үшін диспечерлерге қоңырау шалып қызметті тегін алуға құқығы бар.

Тағы бір жағымды жаңалық, ол мүмкіндігі шектеуліжандарға арбалар берілді. Қазақстанда жасалған арбалардың кепілдік мерзімі 1 жыл. Әсел Асылбекқызы да арбаның бірін иеленді. Ол 2016 жылдан бері мүгедектер арбасына таңылған. Медицина бойынша білім алып жүр.

Әсел АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, І ТОП МҮГЕДЕГІ:

Бердібек Сапарбаевтің кездесуінде болдық. Кездесуге байланысты мен шағымымды айтып, арбаны сұраған болатынмын. Осы арбаны алу үшін осында келдік қазір. Және де көп алғысымды білдіремін  осындай шара ұйымдастырушыларына және спонсорларына.

Жаңа инватаксилер қаңтар айынан бастап қызметке шығады. Инва-көліктер замануи үлгіде жабдықталған. Мүгедектердің қозғалысы үшін қолайлы. Айта кетсем, инватаксилердің әрбірінің құны 20 миллион теңге шамасында.

А.  Данияр