Русский Сайттың толық нұсқасы

«Astana Motorsports» командасының директоры 800 млн теңге жымдырды деген күдікке ілікті

  • AstanaTV
  • 13 желтоқсан 2019
  • 1995

«Astana Motorsports» командасының директоры, әрі капитаны Артур Ардавичус 800 млн теңге жымдырды деген күдікке іліккен. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі хабарлайды. Қомақты қаражат осыдан екі жыл бұрын елдегі автоспортты дамыту үшін бөлінген. Ал команда директоры оны қазақстандық және шетелдік компаниялар арқылы шығарып, иемденіп алған деді құзырлы мекеме өкілдері. Түсініктеме беру үшін бірнеше рет шақырылса да, спортшы шетелде екенін желеу етіп келуден бас тартқан.

Сергей ПЕРОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС АГЕНТТІГІ ЕКІНШІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Артур Ардавичус қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын көрсететін жеткілікті дәлелдерді ескере отырып, оған қатысты сырттай «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.
Халықаралық іздеуге жариялау туралы материалдар сотқа жіберілді.


Айта кетейік, "Astana Motorsports" командасы, "Астана" президенттік клубының құрамына кіреді. Оны "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қоры қаржыландырады. Команда капитаны Артур Ардавичус 2012 жылы "Дакарда" қола жүлде иеленген.

Ә. Өмірзақ