Русский Сайттың толық нұсқасы

Банк әскерилерге бастапқы жарнасыз баспана береді

  • AstanaTV
  • 11 қазан 2017
  • 2544

Банктер әскерилерге бастапқы жарнасыз баспана бере бастайды. Бүгін Мәжілісте тұрғын үй қатынастары бойынша заңға енетін өзгерістер қаралды. Онда зейнетке шыққан әскерилердің баспана мәселесін шешу де айтылды. Оларға жергілікті нарықтық бағамен пәтер сатып алуға бірреттік төлемақы берілді. Ал қатардағы әскерилерге бастапқы жарнасыз ипотека алуға жағдай жасалмақ. Мемлекет адам басына 18 шаршы метр деп есептеп, оны отбасы мүшелеріне көбейтіп, бәрін қосып, ай сайын шотына ақша аударып отырады. Мәселен, Астанада отбасында төрт адам бар әскериге шамамен 200 мыңдай төленеді. Ол банкке бірден ипотека ретінде аударылады.

Талғат Мұхтаров, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

Бастапқы төлемсіз өзі таңдаған пәтерді банкке көрсетеді. Несие беру құжаттарын рәсімдейді. Пәтерге кіріп тұра беруіне болады. Үкімет айына 200 мыңдай төлейді. 15-20 жылда толық құтылып, өз меншігіне аудара алады.

Депутаттар әскерилер ажырасқан жағдайда ипотекадағы баспана жайы не болады деп те сұрады. Вице-министр мемлекет аударған төлемақы бірге жинаған мүлік ретінде бөліске түседі, дейді.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Это сейчас Талгат Сабитович мессендж пустил в общество - выходите замуж за военных, они приказом все будут делать.