Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақ үй қожайыны Дональд Трамп АҚШ тарихындағы импичмент жарияланған үшінші президент атанды

  • AstanaTV
  • 19 желтоқсан 2019
  • 3838

Ақ үй қожайыны Дональд Трамп АҚШ тарихындағы импичмент жарияланған үшінші президент атанды. Демократтардың басым көпшілігі жайғасқан Өкілдер палатасындағы дауыс берудің қорытындысы - осы. Олар Президентті "өкілеттілігін асыра пайдаланды" деп айыптап отыр.

Нэнси ПЕЛОСИ, ӨКІЛДЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ СПИКЕРІ:


Егер біз бұлай әрекет етпесек, біз өз міндетімізді бұзғанымыз болады. Президенттің ақылға салмай жасаған әрекетті импичмент жариялауға итермелегені өкінішті, әрине. Бірақ ол бізге басқау таңдау қалдырмады.

Импичмент - яғни Заңға қайшы әрекеті үшін Президенттіктен тайдыру. Оны   жариялауға негізгі себеп Трамптың Украина президенті Владимир Зеленскийді ДжО БАйденге қарсы тергеу жүргізуді талап ете отырып, Конгреспен мақұлданған әскери көмекті кешіктіргендігі. Ал Байден 2020 жылы өтетін президент сайлауында қазіргі президенттің негізгі қарсыластарының бірі болып табылады. Енді Дональд Трамптің Президенттіктен кету-кетпеуі туралы шешімді Сенат қабылдайды. Ол жақта оны қолдап отырған республикашылдардың саны басым екенін ескерсек, Трамп тақтан кетпеуі де мүмкін.

Ә. Өмірзақ