Русский Сайттың толық нұсқасы

Партиялықтар Әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмысына көңілі толмайды

  • AstanaTV
  • 20 желтоқсан 2019
  • 1677

Көптеген қазақстандықтар мәслихат депутаттарын танымайды. Бүгін «Nur Otan» партиясының Партиялық бақылау комитетінің мүшелері өңірлерді тексеруден кейін осындай қорытынды жасаған. Мәселен, кейбір облыстарда депутаттар ел азаматтарымен бетпе-бет жұмыс істеуден қашады. Кейбірі тұрғындардың мұң-мұқтажын елемей, партияның қоғамдық қабылдауына да қатыспайтын көрінеді. Осының салдары болар, бұқара өз депутатын танымайды.  Сонымен қатар, партиялық бақылау комитетінің мүшелері Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметіне де шүйлікті.

Сәкен ЕСТАЙ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ МҮШЕСІ:

Әрбір мемлекеттік мекемеде мұндай қызметкер бар. Біз оны жұмыста болған кез келген бассыздықтарды жояды әрі азаматтар басқа құзырлы органдарға барып сабылмауы үшін тағайындап қойғанбыз. Бұл институттың құрылғанына 4 жыл болды. Ал халық олардың жұмысы туралы әлі күнге дейін білмейді.  хабарсыз.

А. Мүтәлі