Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда алимент ала алмай жүрген әйел сот орындаушысына шағымданды

  • AstanaTV
  • 20 желтоқсан 2019
  • 7866

Әділет министрлігі алимент мәселесін мықтап қолға алдық дегенмен, шырылдаған жалғыз басты аналардың саны азаймай тұр. Бүгін редакциямызға хабарласқан Атырау қаласының тұрғыны- баласының жәрдемақысы жетпей, көмекке зәру хәлге жеткен. Айтуынша, жұмысы бар, алайда бала күтімімен демалыста отыр. Әке-шешесінен жас кезінде айрылған. Соттың шешімін орындауға- сот орындаушылары да құлықсыз дейді. Олар борышкерден ақшасын өндіріп берудің орнына, дауыс көтеріп, ауыр сөздермен балағаттайды деді.

Әсемгүл АБДУЛЛАҚЫЗЫ, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Бұрынғы жолдасым ішімде бір бала, сыртымда бір бала... Бірінші қызым 3 ай болғанда кетті, содан кеткеннен мол кетті, келген жоқ. 400 мыңнан 500 мыңға жақындап қалған шығар қарызы бізге. Сот орындаушысын 2 рет ауыстырғанмен ешқандай көмек жоқ олардан. Делоңды алып кет дейді сот орындаушы. Мен жұмыс істегім келмейді дейді. Сөзді арасында балағат сөздер де болып қалады, мына сот орыдаушыда.



Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ: 

  
Мәселенің мән-жайын анықтау үшін дәл қазір Атырау облысы Әділет департаменті өкілдерімен байланысқа шығып көрейік. Бізбен Атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Күләнда Қыстаубаева байланыста.  Кеш жарық, Күләнда Орынбасарқызы, сіз тікелей эфирдесіз! Жеке сот орындаушысының алимент ала алмай, жүдеп жүрген әйелге одан сайын ауыр сөз айтып, балағаттауы қалай? Ол заң алдында жауап береді ме?

Күләнда ҚЫСТАУБАЕВА, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ АТҚАРУШЫЛЫҚ ӨНДІРІСТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:


Енді атқарушылық іс жүргізушіліктің негізгі принциптерінің бірі  адамның ар-намысын, қадір-қасиетін құрметтеу болып табылады. Жеке сот орындаушының міндетінде... жаңағы жеке сот орындаушыларының кәсіптік ар-намыс кодексін сақтауға міндетті, атқарушы тараптар бойынша. Енді ол кісі бізге қазіргі уақытт жазбаша түрде арызданып келсе, дәлелдеме құжаттарын ұсынған жағдайда жеке сот орындаушыға қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп, ол дәлелденген жағдайда шара қолданылады.


Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:  


Ал енді осы алимент өндіру мәселесіне тоқталсаңыз. Мәселені қалай шешуге боалды? Көмектесе аласыздар ма?

Күләнда ҚЫСТАУБАЕВА, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ АТҚАРУШЫЛЫҚ ӨНДІРІСТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Ол бойынша Әсемгүл Абдуллақызы арызданған болатын бізге, қазан айында. Ол бойынша тексеріс жүргізіліп анықталды, ол кісі тамыз айында, қыркүйек және қазан айында алимент төлемдерін алған. Одан соң жұмыс беруші мен жұмысшының арасында ақысыз күн беріліп, қазіргі уақытта үзіліп қалған. Қазіргі уақытта үзіліп қалған, ары қарай жалғасады.  Ол кісінің бүгінгі күні 300 мыңдай қарызы бар.  Ол жөнінде жеке сот орындаушысын шақырып, тапсырмасын беріп, күнін белгілеп бергенбіз. Сол бойынша анықталады, Әсемгүлге телефон арқылы хабарласып, байланыста отырмыз.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Бізге хабарласқан көрермен бір емес екі сот орындаушысына жүгінген екен. Енді осы жолы мәселе шешіледі деп толық айта аласыз ба?!

Күләнда ҚЫСТАУБАЕВА, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ АТҚАРУШЫЛЫҚ ӨНДІРІСТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:


Осыған дейін басқа сот орындаушысының өндірісінде болған. Ол кісі әрекет етпегендіктен кері алып кеттім деп отыр Әсемгүл. Одан кейін екінші жеке сот орындаушысына орындауға берген. Қазіргі уақытта енді сол сот орындаушысының өндірісінде. Енді департамент басшысымен қадағалауға алынып, орындалуын өндіріп алушы арқылы хабарласып, айтып отырамыз.


Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Тағы бір сұрақ, жалпы нәзік жандылар осындай сұрақтармен сіздерге қаншалықты жиі хабарласады, статистика қандай?

Күләнда ҚЫСТАУБАЕВА, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ АТҚАРУШЫЛЫҚ ӨНДІРІСТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Енді алимент төлемдері қазіргі уақытта ең өзекті мәселе ғой. Алимент төлемдерін әке-шешелері өздерінің санасы жетіп төлемеген соң жеке сот орындаушыларына жүгініп отыр ғой. Енді нәзік жандылардың талап-тілектері сотпен қанағаттандырылып бізге түскеннен кейін сот орындаушылары міндетті. Ары қарай жұмыстар жасалып жатыр. Бәріне бірдей төленіп, барлығы жақсы болып жатыр деп айта алмаймыз. Себебі қазіргі уақытта ешқандай мамандықтары жоқ, жұмыссыз жүрген борышкерлер көп.


Жақсы, Күләнда Орынбасарқызы, бұл мәселе жақын арада шешімін табады деп сенеміз. Бізбен телефон арқылы тікелей байланысқа шыққан Атырау облысы Әділет департаментінің бөлім басшысы болды. Қымбатты көрермен, сізді де алаңдатқан мәселе болса, хабарласыңыз! Егер заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болсаңыз, экранда көрсетілген нөмір арқылы хабарласып, видео немесе аудио жолдасаңыз болады. Біз сізбен бірге жауабын іздейміз.

Ә. Өмірзақ