Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе облысында 11 көлік соқтығысып, тоғыз адам зардап шекті

  • AstanaTV
  • 23 желтоқсан 2019
  • 1436

Ақтөбе облысында ірі жол көлік оқиғасы болып, тоғыз адам зардап шекті.  Ауа райының қолайсыздығынан тас жолда 11 көлік соқтығысқан. Жүргізушілерге көктайғақ  пен боран кедергі келтірген.
Жол апаты Хромтау ауданында Самара-Шымкент тас жолының 859 шақырымында болған. 11 автокөліктің сегізі жеңіл көлік, екеуі жүк көлігі, бірі газель. Зардап шеккендердің барлығы жақын маңдағы Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілген. Арасында аяғы ауыр келіншек те бар.

Людмила ВОЛНЕНКО, ХРОМТАУ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ауруханаға тоғыз адам түсті. Қазір олардың біреуі ғана ауруханада ем алып жатыр. Қалғаны емханалық емдеуге ауыстырылды. Жағдайлары жақсы.



Б. Рахметова