Русский Сайттың толық нұсқасы

М. Бекетаев: Алимент төлеуге баланың ата-әжесін міндеттеген жөн

  • AstanaTV
  • 23 желтоқсан 2019
  • 2643

Егер балаңызға алимент төлеуден жалтарсаңыз, онда төлем бүлдіршінің ата-әжесінен өндіріліп алуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Үкімет сағатында  Әділет министрі Марат Бекетаев мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл борышкерлермен күресудің тиімді жолы. Биылдың өзінде баласын қаржылық тұрғыда қаматамсыз етуі тиіс 816 борышкер сот шешімімен мәжбүрлі түрде жұмысқа тартылған. Дегенмен, бұл бағыттағы көрсеткіштер көңіл көншітпейді. Әлихан Асқарұлы жалғастырады.

Бүгінде елде алименттен жалтарып жүрген 14 мың азамат бар. Ал биыл оларға қытысты сотта небәрі 14 іс қана қаралған. Сондықтан алиментті борышкердің өзінен емес, оның ата-анасынан өндіріп алу жолдары қарастырылып жатыр.

Марат БЕКЕТАЕВ, ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІ:

Мысалы Италияда борышкер алимент төлемесе, онда ол оның ата-анасынан өндіріліп алынады. Яғни, немересі үшін ата-әжесі алимент төлеуге міндеттеледі. Бүгінде біз осы жобаны елімізге енгізу тетіктерін қарастырып жатырмыз. Өйткені әр ата-ана алименттен жалтарған баланы тәрибелегені үшін жауапты болуға тиіс.


Ал зейнеткерлер болса, бастамаға қарсылық білдірді. Олар зейнетақы дәрі-дәрмегемізден артылмайды дейді.
 
БЛИЦ:

- Әркім өзі өтеуі керек. Пенсионерлерден алимент төлету дұрыс нәрсе емес. 
- Менің өзіме жетпейді пенсиям. Мен қалай алимент төлеймін? Алимент төлеу ол мүмкін емес.


Кейбір депуттар алимент әр баланың қажеттілігіне байланысты және мемлекеттік қазынадан төленсін деген бастаманы да көтерді. Дегенмен, ұсыныс көптен қолдау таппады. 

Гүлжан ҚАРАҚҰСОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:


Алимент төлеуден қашқандардың орнына қаржыны неге мемлекет төлеуі тиіс? Бұл менің ойымша масылдық. Әлімнің ешқандай елінде мұндай жүйе жоқ.

Павел КАЗАНЦЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:


Алименттен жалтарғандарды әкімшілік, тіпті болмаған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тарту дұрыс деп есептеймін. Оларды шетелге шығаруға, ел ішінде жүруге тыйым салса да артық емес.

Алимент өндіру ісінде қолбайлау болып отырған тағы бір мәселе - сот орындаушылардың құзіреті жеткіліксіз. Сондықтан оларға қосымша билік беру көзделіп отыр.

Ә. Асқарұлы