Тобыл өңірінің тұрғыны қайырымды жандардың көмегіне зәру. Ихтиоз ауруына шалдыққан ауыл тұрғыны дәрі-дәрмекке қаражат таба алмай қиналып отыр. Жақпа майлардың құны қымбат. Туа біткен дерт дендеп кетті,-дейді Рустам Құрманбаев. Ауруымен арпалысқан азаматтың хал-жағдайын тілшіміз Заңғар Санай сұрап қайтты.
Әулиекөл ауданына қарасты Соснов ауылының тұрғыны Рустам Құрманбаев соңғы уақытта дертінің дендеп,ауруының асқынып кеткенін айтады. Жас ұлғайған сайын,жанға батып кейде қол-аяқтың сіңірі тартылып қалады, -дейді. Сирек кездесетін ихтиоз ауруы арғы ата-тегінде болмаған көрінеді.
Рустам ҚҰРМАНБАЕВ, НАУҚАС:
Анамның тұқымында ондай жоқ,әкемнің тұқымында жоқ. Бір жаққанда бес мазь кетеді.Сол бір-екі күннен кейін тағы бәрі қатады.Тағы суға түсіп, жуынып, жағу керек. Ауылда тұрғанда ауыр енді.
Стендап: Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ:
-Рустам күн сайын,денеңізге дәрі жағасыз ба?
-Күнара. Жақпай май жақпасам жағдайым мүлдем нашарлап кетеді,-дейді ауыр дертке шалдыққан ауыл тұрғын. Сұйық дәрі қолданбаса терісі қабыршықтанып, денесі тырысып, жарыла бастайды.
42 жастағы Құрманбаевтың бармаған емханасы, көрмеген емшісі жоқ. Науқасты аудандық аурухана дәрігерлері 1980 жылы есепке алған. Ақ халаттылардың да апармаған жері жоқ. Облыстық Республикалық орталықтарға жүгініпті. Алайда туа біткен дерттің шипасын ешкім таппаған.
Алла СТЕПАНЕНКО, ДЕРМАТОВЕНЕРОЛОГ ДӘРІГЕР:
Барлық жақпай майларды, дәрілерді қолданып көрді. Еш нәтиже болмаған соң үйректің, қаздың майын жақты. Дәрігерлер дәрумендер жиынтығын тағайындап берді. Бірақ туа біткен аурудан айықпады.
Екінші топтағы мүгедек жәрдемақысын түгел жақпа май алуға жұмсайды. Кейде дәрі-дәрмекке ақша таппай қалады. Туғаннан ауруымен арпалысқан ауыл тұрғыны қайырымды жандарға үміт артады.
З. Санай