Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордалық науқастар екі айдан бері тегін берілетін дәріні ала-алмай келеді

  • AstanaTV
  • 24 желтоқсан 2019
  • 2437

Қызылордалық  науқастар соңғы екі айдан бері тегін дәрі-дәрмекке жарымай отыр. Олар дәріханаларда сағаттап тұрады. Бірақ мемлекеттен тегін берілуі тиіс дәріге қол жетікізе алмайды. Осылай мұңын шаққан науқастың бірі Мұхтар Оспанов біздің арнаға шағымын жеткізді.  Айтуынша, мұндай тапшылық жылда қайталанып тұрады. Ара-тұра берілетін дәрінің өзін айғай-шумен әрең аламыз,-дейді. Себебін сұраса, дәрігерлер жарытып жауап бермейді деп отыр.
     
Мұхтар ОСПАНОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Дәрілер жоқ. Дәрілер жоқ. Мен мысалы «новомикс» деген инсулин аламын қантқа. Бірнеше ай болды сол дәріні ала-алмай отырмын. Облыста жоқ дейді. Поликлиникаға барсам поступление болған жоқ деп айтады.

Ләйла ҚАЗИАҚПАРОВА, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Дәл қазір осы мәселеге жауапты Қызылорда облысы, №6 қалалық емхананың бас дәрігері Жанат Шайхисламқызына хабарласып мән-жайды анықтап көрейік. Қайырлы кеш Жанат Шайхисламқызы. Сіз тікелей эфирдесіз. Тегін дәрі-дәрмек неге берілмей жатыр?  Қажетті дәрілер қашан беріледі?


Жанат ШАЙХИСЛАМҚЫЗЫ, №6 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:
 
Емхана бойынша қант диабетімен 1635 науқас тіркелген. Оларға 285 адам жаңадан есепке алынған болатын. Инсулин новомикс дәрісін тұтынатындар саны артты. Осыған байланысты тапшылық туындағаны рас. 2020 жылы науқастар санына байланысты жеткілікті дәрежеде дәрілер тапсырыс берілді.


Ләйла ҚАЗИАҚПАРОВА, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Науқастар дәрі тапшылығы жылда қайталанады дейді. Мұның себебі неде? Онсыз да өмірі қыл үстінде тұрғандардың ахуалы нашарлап кетпей ме? Мәселенің тағы да туындамасына кепілдік бере аласыздар ма?


Жанат ШАЙХИСЛАМҚЫЗЫ, №6 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

 
Енді біз қажеттілікті ескердік. Жыл соңына қарай келер жылға жеткілікті етіп тапсырыс бердік. Мұндай тапшылық жыл соңында ғана туындады.


Ләйла ҚАЗИАҚПАРОВА, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Рахмет, бізбен тікелей эфирде байланысқа шыққан Қызылорда облысы, №6 қалалық емхананың бас дәрігері Жанат Шайхисламқызы. Біз бұл мәселенің шешілуін өз бақылауымызға аламыз. Құрметті көрермен! Егер сізді де алаңдатқан мәселе болса, хабарласыңыз! Біз сізбен бірге жауап іздейміз. Сонымен қатар, егер заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болсаңыз, экранда көрсетілген нөмір арқылы хабарласып, материал жолдаңыз. Біз оны эфирден көрсетеміз.

Ғ.Өтемісов