Русский Сайттың толық нұсқасы

Тараздық тұрғын тәртіп сақшысына 1000 теңге беремін деп ірі айыппұл арқалады

  • AstanaTV
  • 25 желтоқсан 2019
  • 2565

Тараздық тұрғын тәртіп сақшысына бар-жоғы мың теңге беремін деп басы бәлеге қалды. Жол ережесін бұзғанын ақшамен жауып кетпек болған жігіт 252  мың теңге айыппұл арқалады. Оның полиция қызметкерін көндірмек болған сәтін сақшылар бейнетаспаға  жазып алған.

38 жастағы азамат асығып бара жатқандықтан көлігінің жарығын жағуды ұмыт қалдырыпты. Оны осы сәтте тәртіп сақшылары тоқтатқан.  Көлік жүргізушісі қалтамдағы барым деп мың теңге номиналындағы «ауызжабарын» шығарады. Оны тәртіп сақшыларына «тамақтанып алыңдар, жолда жүрсіңдер» деп  жаны ашып ұсынған екен. Сақшылар  оның осы әрекетін  сыбайластық сипат деп жемқорлыққа қарсы агенттікке жазалауды сұрап жолдап жіберген.  Арытнша  ақша түріндегі сыйақы ұсынған  азамат тергеліп,  айыппұлды толық төлеген.

Равиль ТӨЛЕБАЕВ, ҚР  СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ  АГЕНТТІГІНІҢ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


676 бапқа сәйкес ол азаматқа хаттама толтырылып, қысқартылған әкімшілік-құқық бұзушылық ісін жүргізуге келіскендіктен 100 АЕК көлемінде яғни 252 мың 500 теңге айыппұл салған болатынбыз. Бұл жағдайда ескерту деген жоқ. Нақты айыппұл көлемі  бар. 200 АЕК бастап 750 АЕК дейінгі мөлшері көрсетілген. Сондықтан ескерту деген болмайды.


Д. Әлімқұл