Русский Сайттың толық нұсқасы

Мектеп директорлары түрмеге экскурсия жасады

  • AstanaTV
  • 25 желтоқсан 2019
  • 2499

Шымкентте мектеп директорларына бүгін ерекше экскурсия ұйымдастырылды.
Алпысқа тарта мектеп басшысы қала іргесіндегі тергеу изоляторында болды. Ондағы тұрмыс-тірлішікті көздерімен көрді. Айыпталғандар жатқан орынның демалу бөлмелері тіпті тар камераларына да кіріп көрді. Бірақ тар қапастағы тұрмысты көруге кейбір басшылардың жүрегі дауаламағандай. Мұндай ерекше шараға ұйытқы болған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіннің жергілікті өкілдері. «Шымкент-адалдық алаңы» жобасы аясында жиналғандар ИЧ-167\11 мекемесін бекер таңдамаған секілді. Департамент басшылары мектеп басшыларын әсіресе жаңа жыл қарсаңында ата-аналардан, өзге де азаматтардан сый-сияпат алмауға шақырды. Темір тордың арғы жағында санаулы сағат кіріп шыққан директорлардың әсері өздеріне ғана аян. Айтарға сөздері жоқ.

Нариман ҚАСЫМБЕКОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ШЫМКЕНТ Қ. ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

Профилактика осындай қылмыстық жемқорлықтың алдын алу мақсатында, сондай фактілерді жіберген жағдайда осындай шаралардың да күтетін мүмкіндігін көрсеткіміз кеп отырда. Бізде жалпы сыбайлас жемқорлықпен 58 факті тіркелді департаментте, оның ішінде білім саласында 4 факті болды. Қазір ол мәселе бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізілуде.

А. Төребекқызы